Рақмет саған, Массагет!
блог
Ассалаумағалайкүм, достар! Оразаларыңыз қабыл болсын! Қазақта ештен кеш жақсы деген сөз бар. Осыдан бірнеше уақыт бұрын Массагет порталында ән мәтіндеріне арналған байқау ұйымдастырылған болатын. Досымның өтінішімен мен де өлеңдерімді байқауға жіберген едім. Міне, өздеріңіз көріп отырғандай сол байқаудың қорытындысы. Сонаау бәленбай мың шақырым жерден ерінбей салып жіберген сыйлықтар үшін көп рақмет! (Жұмыста тостағанмен шай ішіп жүрмін). Өз оқырмандарын соңғы танымдық-ақпараттық жаңалықтармен ғана емес, осы сынды байқауларды ұйымдастырып, үнемі ізденіс пен жаңашылдықды серік етіп, қазақ интернет журналистикасын бәсекеге қабілетті ете білген Массагеттік қыз-жігіттерге ("қызметкерлерге" деген тым ресми сияқты) айтар алғысым мол! (Көкейімде тілек тұнып тұр. Бұрындары шимайлап жазып тұратыным бар еді. Көптен жазбағандықтан бір түрлі ойларым шашырап, қолым жүрмей жатыр). Әрқашан биіктерден көрініп, қазақ елінің бетке ұстары болыңыздар! Мен сіздермен әрқашан біргемін!