Рахмет саған, массагет!

Әл-Фарабиатындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетінің студенті аталғалы бері, өмірім сан түрлі  қызыққа толы. Жаңа орта, жаңа достар, жаңа ұстаздар ұжымы. Сабаққа келдің ба, келмедің ба айғайлапіздеп жататын мектептегіапйың да жоқ. Өзің үшін келесің, өзің үшін оқисың, өзің үшін жұмыс жасайсың. Бір жақсысы сен өз бетіңше өмір сүруді үйренесің. Сабақтар да өте қызық. Әсіресе, тележурналистика, радиожурналистика, инетернет журналистика. Қызық дейтінім, бұл сабақтардатеория мен практика қатар жүреді. Соның ішінде интернет журналистиканың алатын орны ерекше. Ең үздік мультимедиялық құралдар бестігін, ақпараттық технологиялар, ресурстардың барлығыносы сабақта үйрендік. Бір лекцияда Айгерім апай бізге тапсырма ретінде массагетке кіріңдер, тіркеліңдер, блог бастаңдар деді. Тіркеліп қойғанмен 2-3 күн блог бастамай жүрдім.  Группаның барлығы массагетке мақала жазып жарысып жатыр, ендеше мен де көштен қалып кетпейін деп  мақала жазып салдым. Сәтті шыққан секілді. Блогерлер пікірлерін қалдырып жатты. Алғашында балл алмай қалам ба деп уайымдаған соң блог бастаған едім, бұл да менің бір шалалығым шығар.  Келе келе массагетке жиі кіретін болдым. Себебі, массагеттің маған берері көп екенін түсіндім. Оның үстіне болашақ әріптестерімнің ой-пікірін, қоғамға берер бағасын біле алам. Қызығушылығым оянды. Сөйтіп мақалаларымды жиі болмаса да, ара тұра жариялап тұрдым. 

Бүгін, міне, massaget.kz сайтының Ардақ аға, Анара, Мейіргүл әпкелеріміз бастаған мүшелерінің кездесуі өтті. кездесуді ұйымдастырған Айгерім апайға алғысымды білдіремін. Жақсы деген баға берер едім. Массагетпен, ұжыммен таныстық. Білгіміз келген сұрақтарға татымды жауап алдық. Өздері де интеллектуалды сұрақтар қойып, дұрыс жауап бергендерге кішігірім сыйлықтар үлестірді. Мақалалары жарияланып жүрген жас блогерлерді де назардан тыс қалдырмады. Жас блогерлерді марапаттап, ыйлықтар беріле бастады. Оның ішінде мен де бар екенмін. Қуанышымда шек болмады. Мен небәрі 4 блог жаздым, арасында көп оқылғандары бар екен. Массагет ұжымы аз ғана дүниемді елеп-ескеріп жатыр. Бұл менің қаламымның одан әрі ұшталуына себеп болды.  Рахмет сіздерге Massaget.kz ұжымы!   



Бөлісу: