Рахмет!

Даудың басы Дайрабайдың көк сиырында демекші, бұл әңгімені жазуыма себепші болған бірнеше оқиғаны айтып берейін.Айтпай тұрып ұлт аралық араздық тудыру ойымда жоқ екенін жеткізгім келеді, және де сонда да болмай көңіліне алып қалатындар болса алдын ала кешірім сұраймын! Жәй әншейін әңгіме болсын дегенім ғой.

Жұмыста отырсам(о менің жұмысым жақсы! !! түк істемесең де, жұмыс орныңда отыруың керек, кенет керек болып қалуың мүмкін ғой! )үлкен бастықтың шопыры келе қалды. Өзінің ұлты татар, бірақ қазақша жақсы біледі.Өзінше тарихты жақсы біледі, менімен дауласқанды жақсы көреді.Маған да сол керек, ішім пысып отырған адам, құдайым берді.

Бірден ТАТАРСТАНДЫ мақтай жөнелді, (өзі Қазақстанда туып өскен)

-бізде өнеркәсіп көп, -дейді, -камаздар бізден шығады, -дейді.Бізің кім, - деймін мен білмегенсіп. -Татарстанды айтам , -дейді анау(қарашы, қасқырды қанша асырасаң да орманға қарап ұлиды, -деп ойладым мен) -Не Қазақстанда өнеркәсіп жоқ, деп кімнен естіп едің? -деймін мен.-Бар ғой, бірақ Татарстанға жету қайда, сендерге бізге жету үшін әлі он жыл керек, -Жәрайды, -дедім мен, мойындайтын нәрсені мойындау керек! Бірақ оңай жеңілетін мен бе, шағып қалдым, -біз тәуелсіз мемлекетпіз, ал сендерді орыстар өліп бара жатса да босатпайды! Ал ол болса а-а-а, -деп тұншықты да қалды, өзін аяп кеттім, бүгін мен жеңдім, тиым салынған әдіспен, бірақ жеңіске жету үшін не нәрсенің бәрі жақсы!

Ертеңінде тағы келді.матч-реваншқа дайындалып келгені көрініп тұр.-Сендер орыстарға рахмет айтуларың керек! -дейді. Е неге, -деймін мен таңдана, сендерді өз қамқорлығына алып адам қылды, ел қылды, орыстар болмаса басқа елдер баяғыда ақ жаулап алушы еді, ал қазір қолайлы жағдайды пайдалып жеке ел болып алдыңдар, кісі менсінбейсіңдер, құдайдың бір жерін ұстап отырған сияқты, -дейді Отаны бір болса да, жүрек соғысы бөлек отандасым! (осыдан кейін қалай, БАРШАНЫҢ БАЛАСЫН, БАУЫРҒА БАСҚАНБЫЗ, -деп мақтанамыз, қалтамызға салып жылан асырап отырған жоқпыз ба, -осы деген ойға кеттім) -Жеңіле қоятын мен бе! ,алдымен орыстар маңғолдарға рахмет айтсын, -дедім. Маңғолдар да оларды бауырына үш жүз жыл бойы басып , басқалардан қорғап ел қылды ғой, маңғолдардың быт-шыт болғанын пайдаланып, тәуелсіздік алып алды, қәзір олар да құдайдың тұңғыш ұлы сияқты отыр ғой! Мәңгілікпен салыстырғанда үш жүз жыл деген не тәйірі.

Мен оны одан сайын өлтіре түстім, ағылшындар римдіктерге рахмет айтсын, римдіктер карфагенге рахмет айтсын, инкілер испандарға рахмет айтсын, испандар маврларға рахмет айтсын...

Мүмкін шынында да рахмет айтуымыз керек шығар, Шоқанның атасы, хан Уали айтпақшы, орыстар көп болса игі жақсыңды атып-асар, ит жеккенге айдатар, біржолата құртып жібермес, өлсең өлексеңді талайтын қытайлардан сақтасын, осындай аласапыран заманда бізге аман қалу міндет, -деп орыстардың қол астына кірген деседі.Ол жоспар орындалды деп ойлаймын, қазақтың тең жартысынан айрылсақ та, құрып кетпей ел болдық, қалғаны бәрі ұсақ түйек, уақытымен бола жатады!

Рахмет! шынында да рахмет айтуымыз керек сияқты!



Бөлісу: