Радиожурналист күнделіктері...

Радиожурналист күнделіктері...
жеке
блог

Радиоға жұмысқа тұрғанда алғаш естігендерім:
- О күшті! Радиоға бізге де бола ма? Бірақ, менің даусым келмейтін шығар? Жөндеуге бола ма?
Жауап біреу: Радиоға , әрине қалаған адам жұмысқа тұра алмайды. Бірақ қалаған адам дауысын жөндей алады.

Естен шығармаңыз, дауыс - сіздің имиджіңіздің бір бөлігі. Таңертең тұрып, айнаға қарап, көйлегіңіз бен шалбарыңыздың қаншалықты үйлесетіндігіңізге мән берсеңіз, "үніңізге" дәл сондай мән беріңіз. (Радиодағы жұмыста алғаш үйренгенім) Жаңалықтар жүргізушісі болғаныма екінші айға кетіп барады. Эфирге шығардағы қобалжу әлі бар. 
Бірақ, "Авторадио-Қазақстанда жаңалықтар" деп басталатын 3 минуттық тікелей эфирде 3 сағатқа бергісіз сабақ аламын. Әр сүрінген сайын қайта шыққың келеді. Бастысы, дауысыма енді үйреніп келе жатырмын. Иә, АЛҒАШЫНДА ЕШКІМНІҢ ДАУЫСЫ ӨЗІНЕ ҰНАМАЙДЫ. Егер сіздің үніңізге өзгелер құлақ түрсін десеңіз, алдымен өзіңіз тыңдаңыз. Диктофонда жазылған дауысыңызды соңына дейін тыңдауға үйреніңіз. Қателіктеріңді ескергеннен кейін ғана жаттығу жасауға болады. 
- Әр күн сайын. Таңертең жүгіруді немесе жаттығу жасауды әдетке айналдырсаңыз, таңертеңгілік дәл солай дауыс жаттығуларына көңіл бөліңіз. Ұйқыдан тұрғаннан кейінгі әсері өте жоғары болады.
- Өзіңді Бритни тәрізді сезін. Бір кездері әкесі Бритниге тынысты ашу үшін, жүгіріп жүріп ән айтқызған екен. Таңертең жүгіріп жүріп, кеше түнде сөзін жазып, жаттап алған әнді айтып жүру керек. Алғашында қиын болғанмен үйренесіз. Тынысыңды ашады, дауыс ырғағыңызды қалыпқа келтіреді. 
- Дауыс ырғағы. Жылдам немесе баяу. Менің әлсіздігім -жылдамдық. Баяу әндер айтып, дауыстап, мәнерлеп оқу керек. Баяу ма? Тағы да жылдам ән айт, дауыстап кітап оқыңыз, әсіресе, жаңылтпаштар. 
- Жаңылтпаштар. Қазақша және орысша(егер акценттен құтылғыңыз келсе). Үнемі оқу керек. Аузыңызды жаңғаққа толтырып алып, дұрыс, таза сөйлеуге үйреніңіз. "Иә" деп айтудың 50 түрлі әдісі бар. Сол тәрізді дауыс жаттығуларының түрі өте көп. Бұл алғышарттары ғана, өзңізіге қажетін таңдай біліңіз. 
Дауысты - ауадағы дыбыстар толқыны деп есептемеңіз. Сіз өзгелерге үн қатып тұрсыз. Сізге басқалар білмейтін мейлі қуанышты, мейлі онша емес болсын, әйтеуір біреу үшін таңсық ақпаратты жеткізу, басқалармен сөйлесу, дыбыстың құдіретін жеткізу деген тамаша мүмкіндік берілген. Неге сол мүмкіндікті орнымен пайдаланбасқа?! Өз үніңізді тыңдаңыз. Қаласаңыз, бәріне, барша әлемге үн қата аласыз, үніңізді естірте аласыз. Бастысы- өз үніңізді жақсы көріңіз! (с) 7 қараша, 2013 ж. Эфирден 1 сағат бұрын.