Ресей Федерациясы президенті Владимир Путин Мысырға сапары уақытында мемлекет басшысы Абдул-Фаттах ас-Сисиға Калашников автоматын сыйлаған болатын. Сыйлығы арқылы Путин бір жағынан мысырлық әріптесінің әскери өткен шағына құрмет қылған болса, екінші жағынан келешекте Ресей-Мысыр қатынастары ашықтығының белгісі болғандай. Бүгін біз сіздермен бірге Владимир Путиннің шет ел лидерлеріне және басқа танымал тұлғаларға сыйлаған сыйлықтарын және бір рет еске алайық.
РФКП (Ресей Федерациясының Коммунистік партиясы) 70 жылдығында Путин фраксия жетекшісі Геннадий Зюгановқа Чапаев ескерткішін сыйлады.
Путин үстіміздегі жылдың қаңтар айында Мәскеуге ресми сапарымен келген Венесуэла президенті Николас Мадуроға Латын Америкасы мемлекеттері құтқарушысы болған Симон Боливар қылышының ғажайып нұсқасын сыйлады.
Ресей президенті Мир атты Сібір мысығын жапон префектурасы губернаторы Акитаға сыйлады. Біраз уақыт алдын Владимир Путинге 2011 жылғы су тасқыны уақытындағы көрсеткен жәрдемі үшін құрмет белгісі ретінде күшік сыйлаған губернатор мысыққа Мир деп ат қойыпты.
2013 жылдың маусым айында Владимир Путин Германия канцлері Ангела Меркелге 1894 жылы қол қойылған Ресей-Германия сауда бітіміне арналған литографияны тапсырды.
Путин Германия Федератив Республикасы канцлері Герхард Шредердің 2003 жыл қазан айындағы туылған күнінде Павл Бажов ертектерінің кейіпкері – Бал тауы бикесінің күміс ескерткішін сыйлыққа берді.
2014 жылы қараша айындағы саммитте Қытай басшысы Си Цзиньпин Ресей президенті қолынан Ресейдің Ётафон 2 смартфоннын алды.
2003 жылдың наурызында болса, Путин жазушы Сергей Михалковтың 90 жылдығына жеке өзі қатынасып, жазушының жастық шағында түскен суреттері топтастырылған фотоальбомды сыйлады.
Евгений Примаков өзінің 2014 жылдағы юбилейінде сирек кездесетін примус егесіне айналды. Бұл сыйы арқылы Путин оның әріптестері арасында жетекші орында екенін білдіргендей. Латын тілінде “примус” “бірінші” деген мағынаны береді.
Владимир Путин Мысыр президенті Абдул-Фаттах ас-Сисиға Калашников автоматын сыйлау сәті.
Италия Уәзірлер кеңесін басқару жетекшісі Сильвио Берлусконидің 2002 жыл сәуір айындағы Ресейге сапары уақытында, Путин оған Мәскеуде жарық көрген “Берлускони Эффекті” атты кітапты сыйлаған.