Пулитцер сыйлығы кімдерге беріледі

Журналистика саласындағы Пулитцер   сыйлығының   ең   беделді аталымы -  «Қоғамға  қызмет ету»   аталымының лауреаты    болып  The Los Angeles Times  басылымы анықталды.  Газет  шенеуніктер   өздеріне ешкімде жоқ  жалақы    белгілеп алған   Калифорнияның шағын  Белл    қаласындағы    жемқорлыққа белшесінен   батқан  жергілікті  билік  туралы   жазған   болатын.     Осы   

 мақала     аталған  фактілерді тексеруге, біраз  адамды   қамауға және  жергілікті  билік жүйесінде    түбегейлі  реформалар  жасауға әкелді. Пулитцер сыйлығының лауреаттары    дүйсенбі күні  Колумбия университетінің  қабырғасында   жария етілді.   Лауреаттар   14 аталым бойынша     берілген   1 мыңнан  астам  журналистік  материалдардың ішінен іріктеліп алынды.  Пулитцер    сыйлығының  тарихы  сонау 1917 жылдан   басталады:    сол жылы    американдық журналист   Герберт Байярд Своп 1916 жылдың  қазан айында New York World    газетінде  жарияланған  «Германия  империясына іштен көзқарас»    деген тақырыптағы   материалдар сериясы  үшін  алғашқы    сыйлық  алған еді. 



Бөлісу: