ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СТРЕССТІ ҚАБЫЛДАУ, ЖЕҢЕ БІЛУ

«Ақниет» ҚҚ психологі арнайы контингенттер арасында оқшауланған аймақтағы сотталғандармен «Стрессті қабылдау және жеңе білу мүмкіндіктері» атты психологиялық тренинг жүргізді.

Маңғыстау облысы ҚАЖД қарасты ГМ-172/10 мекемесінің арнайы контингенттер арасында оқшауланған аймақтағы сотталғандармен өткен «Стрессті қабылдау және жеңе білу мүмкіндіктері» атты психологиялық тренинг өтті. Тренингті «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қорының Маңғыстау облысы бойынша өкілдігінің психолог кеңесшісі Динара Руслановна Мухамбетова жүргізді.

Тренинг мақсаты:Жазасын өтеуші сотталған азаматтарға әр түрлі оқиғаларды бастан кешіру барысында стресске шалдықпай, стресстің қыр-сырларымен ақпараттандыра отырып стрессті жеңе білу. Тренинг барысында стрестің анықтамасы, оның түрлері және шығу жолдары түсіндірілді. Тренинг барысында видеоролик көрсетіліп, талқылау орын алды.

Стресс – адамның мазасыздығынан туындайтын көбіне өзі бейімделмеген жұмыстардың шамадан тыс болуына байланысты бейімделген психикамен организмнің өзгерістерге ұшырауына әкелетін процесс ретінде саналады. «Стресс» ағылшын сөзі, аудармасы «қысым, тартылыс, қысым келтіру» деген мағынаны білдіреді. Ғылымға ең алғаш осы ұғымды енгізген канадалық физиолог Ганс Селье. Оның анықтамасы бойынша, стресс – өте жағымсыз әсерлерге жауап ретінде туған организмнің қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің жинағы.

Стресс үш кезеңнен тұрады:

1) үрейлену − жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың алғашқы кезеңі. Таңыр қауіспетті сезім пайдаболады;

2) төзімділік – жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған төзу реакция сытуады. Бұл кезде гипоталамус-гипофиз жүйесінің ықпалы мен бүйрек үсті безінің гормондарының мөлшері қанда тез мөлшерде көбейіп кетеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің әсерімен жүректің соғуы рғағы жылдамданады, тыныс алуы рғағы да жиілене түседі. Бұл шық еттердің жиырылу қабілеті күшейеді;

3) әлсіреу – бейімделу қорының мүмкіндігі азайып, таусылады, сондықтан психологияда дезадаптация (бейімделудің нашарлап жойылуы) пайда болады.

Стресстен құтылудың, алдын алудың және жеңудің жолдары:

Стрессті жеңуде адамның істейтін жұмысының не қызметінің сипаты зор маңызға ие. Еңбек адамға тек материалдық байлық әкеліп қана қоймай, сонымен бірге қанағаттанушылық сезімін де сыйлауы тиіс. Көңілсіз, күңгірт, бірыңғай, ылғи өзіңді зорлап істейтін жұмыс стрестің бірден-бір көзі екендігі айтпаса да түсінікті. Қиын сәттерде адамның қиындықты жеңуге деген өзінде тілек және мүмкіндігі (дайындығы) болуы керек. Қай кезде де адамға қажырлы үміт және сенім қажет.

Психопрофилактиканың бірінші түрі – өзін-өзі сендіру. Оған аутогенді жаттығулар көмектеседі. Сіздерге ағылшын психологы Клер Рейнер талдаған өзін-өзі сендіру бағдарламасын ұсынамыз.

І қағида. Таңертең бар қуатыңызбен жақсы көңіл-күймен оянуға тырысу, болашаққа сенімділікпен қарау.

ІІ қағида. Өз бойыңыздағы кемшілікке орала бермеңіз. Олар кімде болсын бар.

ІІІ қағида. Басқаларды артық сынға алмаңыз. “Ешкімді сөкпе, сонда сен да сөгілуші болмайсың”− деп халық сөзінен.

ІҮ қағида. Басқаларды көңіл қойып тыңдаңыз, сонда олардың да Сіз десе көңілі ерекше болып тұрады. Жұрт көбіне тыңдаушыларды жақсы көреді.

Ү қағида. Ағыңыздан жарылып тұрыңыз. Бейіліңіз сақ болсын. Білмегеніңізді білемін деп әлек болып, қулыққа салынбаңыз.

ҮІ қағида. Өз төңірегіңізден Сізді сәл де болса түсінетін жақсы адамды тауып алыңыз, жалғызсырамайтын боласыз.

ҮІІ қағида. Орынсыз именшектіктің кейбір адамдарды жалықтырып жіберетінін де есте сақтаған жөн, егер де біреу Сізбен даусын көтеріп, өктем сөйлесіп тұрса, оған өзім кінәлімін деп есептемеңіз, бәлкім, ол адам үшін өз жігерсіздігін жеңудің бір амалы осындай болар деген ойда жүрген шығар.

ҮІІІ қағида. Өзіңізбен бір жаман іс болып, жағдайсыздыққа ұрынсаңыз елдің көзінше кейіп, налымаңыз. Жұрт сізге ерекше ықыласпен қарайтын болады, өйткені оларға өз артықшылықтарын сезінуге Сіз бір үлкен мүмкіндік бердіңіз. “Жақсы сөз – жарым ырыс” демекші, жақсы сөз бен жылы лебіз адамға әрқашан да емдеу. “Істеген ісің мақұлданып, қолдау тапса екен” – деу кез келген адамға тән қасиет. Қоғамның, өз төңірегіндегі жақын-жуықтары мен достарының, отбасы мүшелерінің қолдап, қуаттаушы пікірлері әрбір адамның денсаулығы үшін ауадай қажет.

Аталмыш іс-шара «Өңірлерде түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.



Бөлісу: