ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК
блог
2021 жылдың 20 мамырында Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ГМ-172/10 мекемесінің жеке құрам қызмектерлеріне Маңғыстау облысы Ақтау қаласының «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығының психолог-консультант маманы Мухамбетова Динара Руслановна және ГМ-172/10 мекемесі бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Есбулат Ағлепесұлының төрағалығымен барлық санитарлық эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып психологиялық тренинг –өткізді.
ГМ-172/10 мекемесінің жеке құрам қызмектерлерімен психологиялық тренингті кадр саясаты бөлімшесінің жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.
Психологиялық тренингті өткізудің мақсаты жеке құрамның ойлау қабілеті деңгейін және айтылған сөзді екінші адамға түсіндіру қабілеттілігін анықтау болатын.
Өткізілген психологиялық тренингті «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығының психолог-консультанты Динара Руслановна өзінің психолгиялық әдістерімен ойындар ойнатып оң нәтижесін берді.
Әділет подполковнигі Есбулат Ағлепесұлы алдағы уақытта мұндай шараларды психолог мамандарын жұмылдырып кадр саясаты бөлімшесінің қызметкерлеріне жоспарлап ұйымдастыруды тапсырды.