Психология

Психология
жеке
блог

Психология

Сен жалғызсың, мен жалғызбын, жалғызбыз!
Бұл Өмірді баяндайды:жалғыз ұл мен жалғыз қыз. 
Бір теректі - Бір Тағдырда жолыққан...
Өтер уақыт, бөлек бақыт, жалғыз күз!

Қиялдаймын, армандаймын бір жанды,
Жие алдаймын, жия алмаймын - бұл Мәнді!
Бір минутты сағынышпен өткізер...
Он минутты қия алмаймын мен Мәңгі!

Сен басқасың, мен басқамын, өзгердім!
Қажеті жоқ "сүйем" деген сөздердің. 
Сағынышым сені қалап тұрса да...
Жанарынан жырақтадың көздердің!
Мен басқаға "бақ берем",-деп,сөз бердім!

Сенде басқа, менде басқа жоспарлар!
Еш кінәсіз "бірді бірге" теңестіріп, қосқандар.
Бізді бірақ бөліп - жарып сынаған...
Тәңірімде бөлек - бөлек жоспар бар!

 

© Накпаев Аян 22.06.2014жыл