Қазіргі күнде көптеген қаржы пирамидалары, ломбард, инстаграмда болып жататын лотореялар көптеген адамдардың зардап шегуінің себебі болып жатыр. Бұлай адамдардың көп алдануы да қаржылық сауаттылық (финансовый грамотность) болмауынан деген ой келтіреді. Себебі, мектепте, отбасыда болсын қаржы мәселесі көп тақылана берілмейтін тақырып. Математиканың қыр-сырын игеру екіден бірдің қолынан келе бермесе де, қаржыны дұрыс игере білу – үйренсе, кез келгеннің қолынан келетін іс. Қиын-қиын тақырыптарды игеру қажет болады деп қорықпай, Джордж Клейсонның «Вавилондағы ең бай адам» кітабын оқудан бастауға кеңес берер едім. Барша қауымға түсінікті тілде жазылған. Адамдар ақшаны көбейту – жылдам, әрі тез арада мүмкін деп аялақтарға ұрынып жатады. «Тегін ірімшік - тышқан аулағышта» деп бекер айтпаған. Сондықтан бәрі үлкен еңбек пен шыдамдылық арқасында келетінін түсінсе, бәрі қол жеткізуге болатын дүние.
Джордж Клейсоннің бұл кітабы қазіргі таңға дейін қазіргі экономикалық әдебиеттің классикасы болып табылады. Назар аударарлық қызық жайт, Клейсон өзінің кітабын жазарда Ежелгі Вавилонның сына тақтайшаларынан табылған деректер екенін Британ археологтар бірлестігі дәлелдеген.
Кітапта болашақта оқимын деп, ішінде не туралы екенін білгіңіз келмесе, ары қарай оқымауға кеңес беремін. Себебі кітап ішіндегі негізгі 7 ережені бөліскім келіп отыр. Жоқ, кедергі болмайды десеңіз, жалғастыра беріңіз.
Бірінші ереже: Өз әмияндарыңызды (кошелек) толтыра бастаңыз
Мысалы өз тәжірибемнен айтсам, айлық аларда айлығымды қайда жұмсарын тізіп жазып қоямын. Бірақ сол ақшаны тапқан өзіме ештеңе бөлмеймін. Бұл қателік көбімізде қайталатынына күмәнім жоқ. Сондықтан автор бұл жерде айтқысы келгені - тапқан табысыңыздың бір бөлігін өзіңізге қалдыруды ұмытпаған жөн.
Екінші ереже: шығыстарыңызды есептеңіз
Есептелмеген ақша келгені білінбей су қусап ағып кетеді. Сондықтан қайда жұмсайтынымызды білу үшін, тізімін жазып отыру дұрыс дағды. Себебі қажет емес дүниеге келесіде қаржы аздап жұмсауға не мүлде ақша бөлмеуге тырыса бастаймыз.
Үшінші ереже: капиталыңызды көбейтіңіз
Ақша ақшаны шақырады деп айтады ғой. Сондықтан ақша жаңа ақшаны әкелуге жұмыс жасауы қажет. Мысалы, қарапайым депозитке салынған қаржы үстіне ай сайын банк беретін пайызды айтсақ болады. Капитал деген ұғымды қарастырсақ, сіздің жиған-тергеніңіз деп түсінуге болады. Қарапайым үстіміздегі киімімізді алсақ, оның бастапқы алған бағасына кейін сата алмаймыз. Сондықтан ол капитал құраушысына келмейді, ал машина, үй болса, олардың уақыт өткен сайын құны артып, кейін бастапқы бағасынан жоғары кіріс әкеле алады. Содан, ол біздің капиталымызды құрай алады.
Төртінші ереже: байлығымызды сақтауға тырысайық
Ақшамызды көбейтеміз деп күдікті жобаларға салуға асықпайық. Алдымен пайдалы және пайдасыз тұстарын салыстырып, қаржы мамандарымен кеңескен жөн.
Бесінші ереже: жеке үйіңді алуға тырысыңыз
Егер жалданбалы үйде тұратын болсаңыз табысыңыздың біраз бөлігі жалдау ақысына кетеді. Сондықтан сол ақыны өз үйіңізді сатып алуға жұмсауға тырысу қажет. Жаңа үй капиталыңызды өсіреді.
Алтыншы ереже: Болашаққа ақша жинаңыз
2020-сыншы жылы болған Короновирус індеті көпшіліктің қаржы мәселесіне жаңа көзбен қарауға септігін тигізгені анық. Өмір болғандықтан күтпеген оқиғалар аяқ асты болып тұратыны мәлім. Егер қол астыңызда жиып қойған қаржыңыз болса, ешқандай кездейсоқ оқиға өз зардабын тигізбесі анық.
Соңғы жетінші ереже: Ақша табу дағдыңызды жақсартыңыз
Адам баласы бір орында тұрып қалмай, өмір соңына дейін дамып, қабілеттерін жақсартып отыру қажет. Мұғалім болсаңыз, ҰБТ, олимпиадаларға оқушылар дайындауға дағдыланып, қосымша табыс көзін табуға болады немесе өз салаңызда әртүрлі жарыстарға қатысып, өз маманыңыздың шебері болуға тырысаңыз, сіздің көмегіңізді қажет ететін тұтынушылар келуі ықтимал.
Осы айтылған ережелерді өзіңіздің қаржылық жүрістеріңізде біртіндеп пайдалана бастасаңыз, қаржы тәуелсіздігіне қол жеткізесіз.
Сурет авторы - өзім