Тәуелсіздік- бастауы бар бақыттың

Тәуелсіздік- бастауы бар бақыттың
жеке
блог

Аспанда қалықтап ұшқан ақ көгершін!

Түсі қардан да әппақ,көздері толған нұр,қанатын еркін жайып әрі де бері самғайды.Жүрегің кішкентай болғанымен онда бәрімізге де орын бар.Қазір қуаныштысың ғой!Күнді айнала ,ай,жұлдыздарды үнемі тамашалаудан бір жалыққан емессің.Жаның қандай нәзік!Аппақ мамықтай қанатынан сипап жүргелі біраз жыл болды.Кейде маған келіп,тереземнен қарап,әлдене дегендей боласың.Мен сенің арқанда бейғам өмір сүріп жатырмын,ал сенің келешегің менің қолымда! Әлі де талай алаңсыз күндеріміз көп болады.Уәде етемін саған ,ақ көгершінім!

     Ия,есімде...Бір кездері сені әлдебіреулер жаралап,біздің көгімізді құзғын құстар жайлап еді.

Сол құзғындардан құтылу үшін талайымыз мерт болдық.Сен үшін қан майданның майданы болды.Білесің бе ,сен үшін түркі бабаларымыз қасық қаны қалғанша күресті .Оған дәлел - "Күлтегін " жыры.Жырда Күлтегін елінің төрт бұрышындағы барлық жауды жеңіп ,елге сені әкелген еді,алайда сен көп тұрақтамадың.Күлтегін қайтыс болғаннан кейін елдің тағына дарынсыз қағандар мен опасыз бектер , жүгенсіз әміршілер отырды,сені олар мәпелеп ұстай алмады.Сен сол кеткенінен мол кеттің,қайта оралмадың...

      Одан кейінгі жылдарда да сені іздеген әміршілер де болып еді.Неге,неге сен сол кезде оралмадың?Әбілқайыр,Абылайлар сені елге әкелу мақсатында айла-тәсілдерінің барлығын дерлік қолданған еді.Жоооқ,сен бізді қайта өзін тұрған жаққа қол бұлғап шақырдың .Шегінетін жол жоқ ,біз саған қарай ентігіп барып едік ,Ресейге бодан ретінде қосылдық,дегенмен сені бұл жерден де таба алмадық.Алға басқандай болып едік қой!Кейінге шегініппіз((Бұрын сені армандап елестете алатын едік,осыдан кейін сен біздің жадымыздан өшіп сағымға айналып жоқ болдың.Біз сені елесту ойымыздан айырылдық!

    1986 жыл...Ызғарлы желтоқсан күндері...Түндері...Сені іздеген қазақ жастары шеруге шықты.Жоооққққ ,сен  бұл кезде де  көріне қоймадың, оларда сенің жолында жанын қиды.

     Сен осынау азаптарды көріп елге келуге ұмтылдың.Жараланған қанатынды жазып ұшып елге ақсақтай келдің.Елбасымыз және бүкіл халық сені қуана қарсы алдық! Енді жібермеуге тырысамыз.Сенің бұрыңғы тарихын бізге сабақ болды ,енді қолда барынды бағалап, Қазақ Елінің аспанында мәңгі қалықтауына біздің сеніміміз нық ,ақ көгершін!