СЫЙЛЫҚ

Ұлбала анасына арнайы дайындаған сыйлығын ақ қағазға орай бастағаны сол еді, ағасы Бақдәулет кіріп келгенде сыйлықты арқасына жасырды. Ол өзінің жасап жатқан ісіне біреудің, ағасы болсада араласқанын қаламайтын.

Бірақ Бақдәулет:

- Менің анама дайындаған сыйлығым бар, көрсетейінбе? – дегені…

- Керек емес. Көрсетпей ақ қой! Мен бәрібір саған көрсетпеймін, — деді Ұлбала.

Ағасы шығып кеткен соң, Ұлбала өзінше ойланды: “Ағамның сыйлығы не екен а? Мүмкін … сабын немесе әтір шығар. Менікі болса… барша сыйлықтанда жақсы”. Ұлбала сыйлығына өзгеше назармен көз салды. Ол үлкен ақ қағазға анасының суретін сызған болатын қол – аяқтары ұқсассыз сызылған болас да бұл суреті анасына қатты ұнайтынына сенімді еді.

Міне, анасының туылған күніде келіп жетті. Ұлбала ертерек орнынан тұрып, диванның астына қарады. Жасырған сыйлығы орнында екен. Бірақ, неліктен екені білгісіз сыйлығы алысырақ кетіп қалыпты. Ұлбала сыйлығын алайын десе, қолы жетпеді. Әкесінің ұзын сызғышын алды да, амалдап сыйлығын алды: “Неге алысырақ кетіп қалды екен? Мүмкін тышқандар тартып кеткен болар”. Ұлбаланың моншақтай қара көздері суланып кетті. Сыйлығын алып барша жерін тексеріп көрді. Сыйлығы бүп-бүтін. Бір сәтте Ұлбаланың күлше жүзіне қызыл жүгірді. Ол сыйлығын бауырына басқан күйі анасының жатар орнына кірді. Анасы бұл сәтте айна алдында шашын тарап отырған екен.

- Анашым, туылған күніңізбен құттықтаймын!- деді Ұлбала және қолындағы сыйлығын анасына ұсынды. 

- Рахмет, қызым! – деді анасы. Анасы қағаз ораманы ашып, суретіне көзі түскенде, қуанып кетті:

- Бәрекелді, аппақ қызым. Өте керемет сыйлық екен! – Анасы суретті столда тұрған кітаптарға сүйеп қойды. – Ертең рамка алып қабырғаға асып қоямыз.

- Анашым, мерекеңізбен құттықтаймын!

Ұлбалада, анасыда «жалт» етіп арқаларына бұрылды. Бақдәулет ақ қағазға оралған сыйлығын ұсынды. Анасы сыйлық орамасын аштыда:

- Керемет! Рахмет, ботақандарым. Сыйлықтарыңдыда келісіп жасапсыңдар! – деп Ұлбаланыда, Бақдәулеттіде бауырына басып.

Бақдәулет құлпырып тұрушы бояулармен әсемделген рамка сыйлаған екен. Ұлбала сол сәтте диван астындағы сыйлғының неліктен орнынан қозғалғанын түсінді. Өз сыйлығын ағасынан жасырғаны есіне түсіп, оның көзіне тік қарай алмады. Бұдан кейін қандай істі болсада, ағасымен ақылдасып жасауға серт етті.



Бөлісу: