«Сыған серенадасы» оқиғасы шын ба?

Атақты композитор Ш.Қалдаяқовтың «Сыған серенадасы» әнінің шығу тарихы шыныменде қалай болған?! Көрермендердің көңілінен орын тапқан, еліміздің көптеген театр репертуарларынан көретін «Сыған серенадасы» спектаклі туралы ой талдау болмақ. Бұл оқиғада атақты композитордың сыған тобырына тап болып, сыған қызы Изольдаға ғашық болуын көрсетеді. Сығандардың тұрмыс-тіршілігінің ерекшелігіне байланысты, ғашығымен қоштасу сәті келгенде осы әуен пайда болады.

Осы уақытқа дейін оқиғаның өтірік-расы өзімді де ойландырған. Енді ғаламтордан бірнеше дереккөздерді қарай отырып, ақпараттар жинап келгенімде, бұл оқиға шындыққа жанаспайтынына көзімді жеткіздім. Бұл тек автордың қиял-фантазиясының жемісі. Ал бұл әуен болса композитордың шабытынан шыққан өнер туындысы екен. Сол уақыттарда қызық қуып, айтыла салған жәй оқиға, осы әуеннің шығу уақытмен тұспа-тұс келуі ел арасында оқиғаның таралуын тездетіп жіберген-ді.

Бірақ айналасындағы алып-қашпа сөздерге қарамастан   «Сыған серенадасы» қойылымына адамдар баруын тоқтатпады. Қазіргі күнге дейін сұранысқа ие қойылымдардың бірі болып табылады. Спектаклде композитордың атақты әуендері көптеп шырқалғандықтан, әуенді де тыңдаймыз деп келушер қатары азаяр емес.



Бөлісу: