Соңғы кездесу

Бөлме ішін ымырт басқан. Күн сәулесімен қоса, аурухана төсегіне танылған қарт Мәруаның да көзіндегі  жарық сөне бастаған еді. Кеше ғана көрінген бірнеше тал  қара  шаштары бүгін ақ шашқа айналыпты. Маңдайындағы терең әжімдері  таңдаған жолын ауыр әрі батпақты етіп көрсетіп тұрғандай.  «Қандай жол болса да, бұл менің жолым» - деп мақтанышты әрі күйінішті дауыс, жаспен бірге домалап сыртқа шықты. 

Кенет, палата есігінен сұңғақ бойлы, қара торы, әдеміше келген ару кіріп келді . Жас сұлудың  оттай жанған жанары  әлсіз жатқан Мәруа бойына  күш – қуат бергендей . Сұлу қыз Мәруаға  жаңа киім топтамаларының эскизін, алдағы 5 жылға арналған жоспарларын көрсетті. Бойынан әлі кеткен Мәруа  жас қыздың айтқандарын  мүлтіксіз тыңдап, оған «ешқашан берілме», «жүрегіңді тыңда» -  деп айтқанынша , қыз палатадан ғайып болды. Жүрегі әлі кірлене қоймаған, болашаққа нық сеніммен қарайтын, бұл нұрлы ару  - жиырма жасар Мәруа еді.  Осылайша  қарт Мәруаның орындалмай қалған арманы, оны бұл дүниенің есігінен шығарып тастады...........



Бөлісу: