ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ МИГРАЦИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ СӨЗ БОЛДЫ

және саяси-мәдени дамуына зор ықпалын тигізуші фактордың бірі. Жалпы, миграцияның негізгі себептері – тұрмыс, өмір сүру сапасын жақсарту, саяси көзқарасқа қатысты себептер, кикілжіңдер, соғыс сияқты түрлі сипаттағы қиындықтар, жаңа жұмыс орнын іздеу, өмір сүру салтын өзгерту, экология, білім алу мақсатымен жер ауыстыру мәселелері. Осыған байланысты әлеуметтік ғылымда этникалық миграция, экологиялық миграция, еңбек миграциясы, білім миграциясы, туристік миграция сынды терминдер қалыптасқан. Аталған үрдістің белсенді болуы қандай да бір мемлекеттің ішінде демографиялық дисбаланстың орын алуына әкеп соғуы әбден мүмкін. Сондықтан көші-қон мәселесі қоғамдағы ең өткір тақырыптың бірі саналады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауында айтылған осы және өзге де мәселелер жөнінде Ж.Ералиев ауылдық округінде орналасқан С.Сейфуллин жалпы орта мектебінде өткен жиында айтылды.
«Қандастардың көшіп келуіне және ішкі миграцияға қатысты саясат түбегейлі өзгереді. Бұл орайда, демографиялық және экономикалық үрдістерді ескеру керек. Сондай-ақ, жалпыұлттық мүддені басшылыққа алу өте маңызды» деді Президент. Бұл дегеніңіз мемлекет басшысының ұлттық мүддені қай кезде де жоғары қойып, қандастарымыздың қараусыз қалмайтынының айғағы» деді жиын соңында аудандық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері.



Бөлісу: