"Серке" газетінің тарихы
блог
«Серке» газетінің тарихы
«Серке» газеті - 1907 жылы Ресейдің Санкт-Петербург қаласында татар ұлтының «Улфат» атты газетіне қосымша, қатар шыққан газет. Тарихи деректермен әдебиеттерде газеттің бір ғана басылымы шыққан делінген. Негізінен қарастырсақ, ол «Улфат» газетінің 1907 жылдардағы нөмірі 84 басылымының қосымшасы болған. Газеттің дәуірі тоқтау мәселесін татар ғалымы И. Рәмидің зерттеу жұмыстарында, бұл газеттің 87 басылымы ғана шығып, кейіннен патша билігінің және де цензурасының күшімен 1907 жылы 9 маусымда жабылуы бұйырылған.
Газеттің бас редакторы - Ғабдрашид Ибраһимов атты татар ұлтының қайраткері болған. Газет түпкі көзделген мақсаты - ислам дінінің әлемін біріктіру, діни білікті көтеру мақсаты және де оқу-білімді халыққа толықтай насихаттау мен біріңғай ұлттық автономиялар кұрудың негізін қалау болып саналған.
«Серке» газеті - тарихта «Қазақ» газетімен қатар шыққан, екінші тәуелсіз газет ретінде саналады. Себебі сол заманғы газеттердің тағдырлары бір-біріне пара-пар болды. Газет басылымының жабылу себебіне тағы бір айғаққа келер болсақ, М.Дулатовтың үкімет саясатына қарсы мақаласы болды. Сонымен қатар патша өкіметі 1907 жылы 4 қаңтармен 27 сәуір аралығында Орынбор қаласында шыққан большевиктік "Орал" газетін де қамтыды. Оның басты себебі: газет қаладағы қазақ жұмысшылары арасында революциялық идеяларды таратып, оларды қарулы күреске дайындалуға шақырды. Осы мәселелер желісі бойынша газеттің дәуірі тоқтаған.