САУАП

Мяуханның туылғанына бар жоғы бір ай болды. Солай болсада көзін аша салысымен анасы және бауырлары өмір сүріп жатқан жанұяны тануға үлгерді. Өздері тұратын картон қорап қабырғасына тырмасып, сыртқа домалап түсуімен жолында кездескен әр бір бұйымды айналып, иіскеп көреді. Көпнесе анасы оны бақылап желкесінен абайлап тістеп орнына алып келіп қоятын, соң балаларын ып - ыстық бауырына басатын.Мияуханға көрші бөлмеде жататын сүйкімді қыз ұнайтын. Оның жұмсақ үні мысық баласын тыныштандыратын, денесінен таралған әдемі иіс Мяуханды рахат сезімге бөлейтін. Бұл қыз кейде жіпке байланған допты алып келіп, оларды ойнататын. Барлық мысықтар даусы жуан, үлкен денелі үй егесінен қатты қорқатын. Өйткені ол жолында кездескенін бәрін жайпап, теуіп, соққыдан мияулаған мысық балаларын назарға да алмай күнілдеген күйде өтіп кететін.

Бүгінде Мяухан бауырларымен ойнап, шаршады. Анасының тез- тез өз егелеріне қауіптене назар тастаумен болды, тез күнде бастарына не күн түсерінен хабарсыз еді. Сол күні таң ертеңнен үй егелерінің үндері өзгеріп, бір - біріне дауыс көтере сөйледі. Мияуханды барлық мысықтар ішінде жақсы көріп, оны қолынан тастамай алып жүретін Әйгерім есімді қыз күтпегенде жылай бастады. Мяухан адамдардың не дегенін түсінбеседе, анасының зарлап мияулауынан жүрегі тез - тез соға бастады. Бұл ретте Әйгерім оны кеудесіне басқанда әдеттегідей оған ішкі рахметін білдіру үшін қорылдамады. Әйгерімнің қарсылығына қарамай, даусы жуан, жүргенде еден гүрсілдейтін үйдің егесі қыздың қолынан Мяуханды жұлып алып, қара қалтаға салды. Қалта бір сәтте зарланып, аянышты мияулаған алты мысықпен толды. Олардың баршасы дір - дір қалтырап, аналарын көмекке шақырып, зарланып мияулай бастады. Үйдің бір бұрышынан ана мысықтың аянышты үні естілді. Соң есік ашылып, көше шуымен бірге көлік жанармайының жағымсыз исі қалта ішіне кіріп, мысықтарды есінен тандырып қойды. Арадан біраз уақыт өткен соң, көлік жүрісін тоқтатты. Сырттан судың сылдырап аққаны естілді. Қалтаны көлік артынан алған, үй егесінің жуан дауысы естілді:

- Міне осы жерге тастасақ болады. Айтқан едім, осы мысықты үйге кіргізбейік деп, қызыңды өте еркелетіп жібердің. Міне соңы. Барша жерді мысық басып кетті.

- Әкесі, мүмкін суға ағызбай ақ қояйық. Осы жерге тастап кете салайық. Бұлардыңда жаны бар ғой. Обалына қалмайық.

Әйел сыбырлап қана сөйлеседе, мысықтар оны бірден таныды. Бұл үй бикесі еді. Енді ғана тамақ жеп, сүт іше бастағандарында әйел оларды тез - тез ыдыстарына сүт құйып беріп, сыйлайтын еді.

- Обал дейсің бе? Осы мысықтар деп жұмсақ мебелдер тырналып, жарамсыз болды. Оған кеткен ақшаға жаның ашымайдыма? Өзіңнің белің ауырып ақша тауып жатқан жоқсыңда? Қызыңды деп мысықтың анасын қалдырдық, соғанда рахмет де. Бірінші болып соның көзін құрту керек еді.

Мяухан үй егелерінің даусынан қауіпті сезіп, сыртқа шығуға талпынды. Бірақ қалта суға қарай лақтырылғанында, оның жүрегі бір сұмдықты сездіде, суық су мысықтардың денесін сескендіріп жіберді. Ағыспен суға батып бара жатқанда, қалта ішінде жан - тәнімен арпалысқан мысық балаларының аянышты үні ағыс гүрілімен қосылып кетті. Мяухан соңғы сәтте аузы суға толған ағасын көрді де, өзінің де құлақ мұрны суға толып, есінен танды. 

- Ойййй, қара, тірі екен.

Айнұр көл шетінде лайға малынған, денесі дірілдеп жатқан шала жан мысық баласын қолына алды.

- Е, таста. Бәрібір өліп қалады. Қара, әзер дем алуда. Ластығына қарашы? Үйге алып барғаныңмен анаң ұрсады, деді досы Шұғыла мысық баласының көріксіз денесін сұқ саусағымен түртіп. 

Мяухан денесіне тиген бала қолының ыстық лебінен біраз өзіне келіп, көзін ашты. Көзін ашқанын көрген Айнұр қуанып кетті.

- Мысық тірі, оны құтқару керек.

Айжамал қызының есіктен кіріп, бірақ босағада тоқтап қалғанын байқады.

- Айнұр, неге үйге кірмей тұрсың? Тыныштықпа? Соң оның қолындағы шала жансар мысық баласына көзі түсіп, басын шайқады. Бар болғаны 10 жасқа толған қызының мейірбандығы, қамқорлығынан қуанды. Айнұрға мейіріммен қарап, өзіне жалынышты назармен қарап тұрған қызының басынан сипады:

- Бәрекелді, қызым. Сауап іс жасапсың. Әлемдегі әр бір тіршілік егесі Алланың пендесі. Кішілерге, әлсіздерге көмек көрсету адамның парызы. Кел, мысығыңды әуелі шомылдырайық. Кейін қарнын тойдырамыз. Мейірімнен жүрегінде бір нүктеде қалмаған біреу оны сауға батырған секілді. Әй, ессіз адамдар ай... .

Шомылып, жүндері жұмсарған, қарны тойған Мяухан көрпеше үстінде бүктетіле жатып, басын сипалап отырған Айнұрдың қолын кішкене тілімен жалап қойды. Ішінен толқын секілді сыртқа атылып жатқан қорылға ерік беріп, бөлме ішінен таралып жатқан мейірім нұрыны шомылғанша ұйқыға кетті.



Бөлісу: