Райхан. соңы

Райхан. соңы
жеке
блог

-Аға, апай кешіріңіздер, мен сіздерге "әке-шеше" дей алмаймын...-деді қамығып Райхан.-Әкемнің аруағы ренжиді ғой!-, деді Райхан жетімханадан шығып келе жатқанда әйелім екеуімізге.

 Бейсенғалидың қайтыс болғанына жарты жылдай болды. Райханды үкімет өз қамқорлығына алған. Енді міне біз ресми асырап алып отырмыз. Рұхсат алу үшін көп жүгіруге тура келді,бірақ біз бәріне шыдадық.

 "Жетім қозы тас бауыр,түңілер де отығар"деген. Тағдыр ерте есейткен Райханның жанарынан күдік пен үміттің оты қатар жарқырады.

 -Өлгеннің артынан өлмек деген жоқ, қалқам,-дедім мен.-Орындарын баса алмасақ та, сен өз қызымыздан кем көрмеспіз, бізді де (әке, ана),деп айтсаң дұрыс болар еді...-