Джоан Роулингтің 8 бөлімнен тұратын "Гарри Поттер" кітабы жайлы естімеген бала кемде-кем шығар. Тіпті Ұлыбритания мен Америкадағы балалар арасында, аталған кітапты оқымағандар (артта қалғандар,ескішіл) деген секілді түсінік қалыптасқан. Әлем балалар әдебиетінде көш басынан түспей тұрған туындының жалғасын оқығыңыз келеді ме? Бүкіл әлем күтіп жүрген жалғасы жайлы сіз не дейсіз? Гарри Поттер тек қана кітап емес, өте ауқымды брендке айналды. Жалпы кітаптың өзіне келсек, бұл өте керемет сюжетті, шытырман оқиғалы, бір деммен оқып шығатын туындылар. Сәтті шыққан киноның әсері кітаптың жанында қарабайыр көрінеді. Кітапты оқу барысында жазушының белгілі бір сөздерді қолдану стиліне үйрене бастайсың. Яғни, сөздер жиі қайталанған сайын санаңа жаттала береді. Ал кинодан кітаптың артықшылығы боямасыз шынайылық пен ақпардың толықтығы. Соңғы фильмдегі Поттер өлді дегенге ешкім иланғысы келмейді. Тіпті әлемнің әр түрлі елдерінде Поттердың өлгенін қаламайтын оқырмандар бас көтерді.