Пенделік перде
блог
Түңгі 1 лердің кезі еді. Менің вагоным біраз тынышталды. 4 адамдық купеде бір өзім. Орыным үстіңгі болса да астына жайғасып алғам. Пердені қымтап қойсам да шағын ауданның жарықтары қайта- қайта шағылыса берді. Станцаға келген екенбіз. Меңіреу үнсіздік ұйықтауға маза бермеді....
Бір уақытта мені біреу оятады.
- Аға, кешіріңіз мынау менің орным еді.
Көзімді әрең аштым. Ұйқым бұзылғанына наразы боп оған ұрысып тастаппын:
- Қасымдағы орынға жайғаса салсаң болмас па еді, таңерең- ақ ауыса қояр едің. Тәтті ұйқымды бұздың қардасым- ау.
Ол үндемеді. "Кешіріңіз, кешіріңіз" дей берді. Әбден кінәлі бейнесін көз алдыма елестетіп үлгердім. "Қасы өзінікі, шашын артына үшөрім етіп екіге бөлген, қыр мұрынды, көздері мөп- мөлдір." Таңертең осындай болса ғой шіркін!
Орынды босатып, төсегімді астыңғы бос тұрған екіншісіне ауыстыра қойдым. Мен ұйықтаған болып қыздың қимыл- қозғалысын тыңдап жаттым. Шытырлаған пакеттің дауысын да, банкілерді де баппен мені оятып алмайын дегендей стол үстіне қойып жатты. Енді бірде білдіртпей көзімді ашып қарағанымда төсекте қалың ойдың құшағында жатқандай көрінді.
... Енді бір көзімді ашқанымда жанымдағы қыз маған су ұсынып тұр екен.
- Кешіріңіз сіз кімсіз?
- Жәй ме сіздікі қарындас. Дереу маскамды іздей бастадым. Әлгінде ғана ауруым өзгеге жұғып кетпесін деп киген маскамды әрең таптым.
- Мені қайдан танисыз?
- Танымаймын.
- Неге онда Аиша дей бердіңіз.
- Сенің есімің Аиша ма?
- Иә.
- Сәйкестік болар. Осылай дедім де қайтадан төсекке жаттым. Иә, Аиша деуімнің жөні бар еді. Ауырған кезге дейін ол менің жанымда бірге болып келген еді. Бірақ мен одан алыстадым. Ауырғанымды естігеннен бастап одан қол үзуге тырыстым. Оқудан акалемиялық демалыс алып ауылдың ауруханасына келе жатқаным осы еді...
...Мені тағы біреу оятады.
- Кешіріңіз бұл менің орыным еді.
- Мен көзімді ашып өзімнің орыныма жайғасайын дегенімде Аишаның сумкасы тұрғанын байқадым. Алас- қапаста оны қозғауға еріндім де қарама- қарсы беттегі 2- полкке жайғастым. Аиша әлі ұйықтамаған, жаңадан келген қыз да ұяң көрінеді. Биязы сәлемдесіп жатты көршісімен...
Мен төсекке қайта жайғастым.
Бірақ аз уақыттан соң мені тағы бір қыз оятты. Сол орынын босатуын өтінеді. Ұйқым бұзылған соң төсегімді орныма тасай сала тамбурға барып біраз тұрдым.
Мен купеге қайта келгенімде төр орынның да иесі бар екенін байқадым. Енді орнымда жатқан адамды мен оятуыма тура келді.
- Кешіріңіз, мұнда мен жатыр едім.
- Басымды қатырма.
- Қалай қатырма,- менің қаным басыма шапты.- Түсші сөйлесейік.
- Ей, боқмұрын кет әрі, ертең сөйлесеміз.
Бір кезде Аиша үн қатты:
- Менің орынма жатып демалып алыңыз, мен отыра тұрамын. Ұйқым келіп тұрған жоқ.
Шамасы мені билетсіз мінді деп ойлаған болуы керек. Бірақ менің билеттегі орынымда әлгі сумұрын жатыр. "Ертең оған көрсетермін әлі, қазір жұртты дүрліктірмей- ақ қойын." Аиша қоярда қоймай орнына жатқызды. Мен біраз ұйықтап бара жатқанда тағы бір қыздың дауысынан оянып кеттім. Көзімді ашсам әлгі сумұрын жігітті бір қыз оятып жатыр.
- Тұрыңыз, менің орыным, - дейді.
Өңім бе түсім бе...? Енді ел жұрт не десе де күбірлеуге тура келді.
- Қарындас сіздің орыныңыз неше?
(жалғасы бар)