Өмір

(Шағын новелла)

​ ​ Біреулер өмірді әділетті — дейді. Енді бірі пенденің ниетіне байланысты, Құдай қалауын береді — дейді. Егер расымен өмір жұрт айтып жүргендей адал әрі әділетті болса қане? Ендіше мен 16 жасқа толмай жатып, жеңіл жүрісті қыз атанушы ма едім? Әрине жоқ. Керсінше қатарлас құрбыларыммен бойжеткен кездің ыстық сезімін сезініп, қызара шыққан қыр гүліндей құлпырып жүруші едім ғой, қане? Жас өмірімді, абыройымды қор қылып, әр еркетің қойынына тығылуға ынтықпа екенмін? Жоқ. Мен жиіркенемін. Жаныма жақындаған сәтін де, денемді қолдарымен аймалаған сәтін де, еріндерін мойныма тигізіп сүйген сәтін де, мен бәрінен жиіркенемін. Кеше ғана байдың ұлымен қонақ үйде болдым, одан да жиіркендім. Бірақ амалым қанша? Ол кетсе мен жұмыстан айырыламын. Мен жұмыстан айырлсам кәрі әкемді кім асырайды? Оны кім бағады?.. Өмір әділетті деген сөздердің бәрі жалған, бәрі өтірік алдамшы. Бүгін барсың, ертең жоқсың. Бітті. Сонымен өмір тоқтайды.​
​ ​ Мың сан ойдың құрсауында көзін тарс жұмып жатқан Молли оқыс бір дыбыстан көзін ашты. Бөлме іші алагеуім. Терезеден батып бара жатқан күннің болар болмас қызғылтым сәулесі түсіп тұр. Терезе жанында үлкен айна тұр. Айнаның қасында жалғыз адамдық керуерт бар. Керуетте қалың ойға шомып Молли жатыр. Жан-жағына қарап еді ештеңе білінбеді "тышқан болар" деген оймен қайта көзін жұмды. Көз алдына бақытты әрі қызықты кездері және де сол қаралы күн оралды. ​ ​

​ ​ ​ ​ ​ ​                                                                             ​ ​ ​ ​ ​ ​ * ​ * ​ *

​ ​ Осыдан үш жыл бұрын. Ол кезде Молли небәрі 15 жаста еді. Қала сыртында шағын екі қабатты үй болатын. Үй шағын болғанымен ол үйде бақытты отбасы бар еді. Иә мынау әлем де болып жатқан оқиғалармен, қақтығыстармен, соғыстармен, түрлі табиғи апаттармен ешқандай шаруасы жоқ. Тату-тәтті отбасы. Арайлап атқан таңға бір қуанып, ұясына қызара батқан күнге бір қуанып қайғы, мұңның не екенін білмейтін отбасы.
​ ​ Таңғы астарын ішкеннен кейін, дастархан басын да шағын үйдің отағасы былайша сөз бастады;
​ ​ — Қымбатты менің жұбайым! — деді де аяулы жұбайына бір қарап. — Қымбатты балаларым! Бүгін тауға серуендеуге барсақ қалай қарайсыңдар? — деп жымия күліп дастархан басында отырған әуелі жұбайына сосын балаларына қарады.​
​ ​ — Маған қарамаңдар ерік өздеріңде мен әр қашан әкелеріңнің сөзін қостаймын, — деп күйеуіне қарады.
​ ​ — Біз дайынбыз! — деді дастархан басын да отырған төрт бала бір ауыздан.
​ ​ — Олай болса әр кім өз заттарын жинап төмен түссін. Мен көлік жанында боламын.
​ ​ Төрт бала бөлемеріне кіріп әр түрлі заттарын жолдорбаларына сала бастады. Біреуі — тенис ракеткаларын. Енді бірі — футбол добын. Қалған екеуі болса спорттық киімдерін алды. Сағат 9: 00 - де барлығы көлікке жайғасты.​
​ ​ — Ешкім ештеңені ұмытқан жоқ па? — деді әкесі көлікті жүргізгелі жатқанда.
​ ​ Бір ауыздан "Жоқ, бәрін алдық" деген сөздер естілді. Тауға баратын жолда қара көлік кетіп барады. Ішінде әндеткен балалардың дауыстары естіледі. Тау табиғаты құдды осы отбасыны күтіп тұрғандай кең төсін ашып ерекше көріністе тұр...
​ ​ Тау етегі жасыл түсті кілемшеге оралғандай. Көк шөптерге аунай бергің келеді, аунай бергің келеді. Заңғар көкпен таласқан асқар шың күн нұрымен шағылысып көрінбейді. Бірақ та шың басында мұз бары анық. Себебі жарыққа шағылысқан алмас тас секілді жарқ-жұрқ етеді. Таудың төменгі жағын да екі-үш отбасы дем алып жүр. Қара көліктен Моллида түсті. Түскен беттен "ғажап" — деді. Кең тыныстап, көк шөпке домалай кетті. Оны көрген іні-сіңілері де Моллидің жасаған түсініксіздеу, әдеттін қайталады.​
​ ​ — Балаларды жиі әкеліп тұру керек екен. Таза ауаны сағынысып қалыпты, — деді көліктен жиналмалы шатырларды түсіріп жатқан әкесі.
​ ​ — Иә, дұрыс айтасың. Аптаның бір күнін белгілеп балаларды әкеліп тұрайық.​
​ ​ — Міндетті түрде, — деді әкесі. Бірақ кім білген? Бұл олардың соңғы келуі екенін.​
​ ​ Әп-сәтте жиналмалы шатырлар тігіліп, дастархан жайыла кетті. Молли ата-анасына қолғабыс етіп көмектесіп жүр. Моллидан кішкене қос інісі тенис ракеткасымен ойнап жүр. Кенже сіңілісі кішкентай болғасын ба, әлде қыз бала болғасын ба, анасының қасынан шықпай жүр. Анасы бір ыдысты алса "маған да, менде көмектесемін" — дейді.​
​ ​ — Балалар дастарханға келіңдер! — деді ойнап жүрген қос ұлына қарап. Ракеткаларын қолдарына ұстап қос ұлдары да келе қалды. Келген беттен;
​ ​ — Әкешім! Анашым! Мен Томды 8: 6 есеп көрсеткішпен жеңдім.
​ ​ — Сенен өскенде үлкен тенисші шығады. — деп әкесі ұлын қасына шақырды.
​ ​ — Менен ше? — деді. — Менен не шығады әке?​
​ ​ — Том сенен спортшы шықпайды. Сенен ғалым шығады.​
​ ​ — Рахмет әке, — деп Томның жүзі жадырай кетті.​
​ ​ Тамақтанып болғаннан кейін өз ара топқа бөлініп доп ойнады. Ұлдар және қыздар деген екі топ құрады. Есептен қанша ұтамыз деседе екі жақ тең түсті. Соңында әкесі "Достық жеңді" — деді. Екінші ойын тенис болды, бірақ бұл жолы әкелер тобы ұтты. Міне осылайша кеште болды. Қызара бөртіп күн батты. Таудың бөктерінде отырып күннің ерекше батуын тамашалап болғаннан кейін жолға шықты. Кешікі самал жел, таудың таза ауасын емірене жұтып, ән салып, қара көлік жүйткіп келеді.​
​ ​ ...Біз үйге барамыз,
​ ​ ​ Таза ауа жұтамыз.
​ ​ ​ Біз үйге барамыз,
​ ​ ​ Таза ауа жұтамы...​
​ ​ — деп әннің соңғы қайырмасы оқыс бір қимылдан үзіліп қалды. Үзіліп қалды дейміз-ау, жол бойында келе жатқан қара көлік әп-сәтте жол бойынан шығып кетті. Оқиға былай болатын.
​ ​ Әндетіп келе жатқан көліктің қарсы бетінен бөтен бір көлік шыға келген. Ойламаған жерден кезіккен көлікке жол беремін деп ойлаған әкесі. Көлікті оқыс бұрғанда, тау бөктеріндегі жалғыз жүруге арналған жолмен келе жатқан көлік, ойда жоқ та жол бойынан шығып кетеді.​ ​ ​ ​

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​                                                                       ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ * ​ * ​ *​

​ ​ Таң ата тау бөктеріндегі жолда көлік апаты болғаны анықталып, арнайы іздеу шараларының арқасын да көліктегі адамдар шығарылады. Өкінішке орай көліктегі үш адам, яғни үш бала мойын омырқалары үзіліп қайтыс болғаны, тек үш адам тірі екені белгілі болады. Ауруханаға жедел жеткізілген науқастардың екеуінің жағдайы нашар, алған қалған бір науқастың жағдайы жеңіл. Оң жақ қол және оң жақ аяқ шыққаны анықталады... Аурухана бөлмесінде отыра беруден жалыққан Молли. Әкесімен, анасының қай бөлмеде жатқандығын біліп барған да, өз көзіне өзі сенбей дағдарып, бір орынында тұрып калады. Бөлме де екі науқас қатар жатыр. Қайсы әкесі, қайсы анасы аңғару мүмкін емес. Ақ марлымен бүтіндей оралған. Әкесімен, анасының сынбаған жері қалмағанын сезген Молли. Одан ары қарауға дәтті жетпей бөлмеден шыға беруге оңтайланғаны сол еді. Анасының қырылдаған, қынала шыққан дауысы бірден тоқтатты.
​ ​ — Молли... — деді қинала дем алып. — Молли жаныма кел... Мен саған сенемін... Сенемін. Әкеңді жалғыз қалдырма. Әкеңе пана бол, Молли.
​ ​ — Анашым олай демеңізші, анашым, — деп ​ сау қолымен көзіне келген жасты сүртіп тастады. Жас бірақ түйір мойыншақтай боп қайта шықты.
​ ​ — Молли... — деп анасының ақырғы демі үзілді.​
​ ​ Көз алды қарауытып тас еденге Молли құлап түсті. Арада үш күн өткесін барып есін жиды. Есін жиысымен "Анам қайда, анам қайда?" деп дәргерлерден сұраумен болды. Бірақ тым кеш еді.​

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​                                                                         ​ ​ ​ * ​ * ​ *

​ ​ Аурухандан шыққаннан кейін Молли жұмыс іздей бастады. Жоғарғы оқу орын бітірмеген, тіпті мектепті де толық аяқтай алмаған қызды ешбір орын жұмысқа алмады. ​ Амалы таусылған қыз басы солбырайып үйіне қайтатын. Талай уақыт іздеді. Бірақ таппады. Барлығының айтатыны бір ғана сөз "оқу орын бітірген болсаң алар едім" — дейді де шығарып салады. Жұмыс істеп ақша таппаса үйде науқас әке жатыр. Дәрі-дәрмек алмаса әке денсаулығы күннен-күнге нашарлай береді, төмендей береді. Жинаған азын-аулақ ақшаның да шеті көрінуде.​
​ ​ Не істеу керек? Қандай амалы бар? Мектепке қайта барайын десе, баралмайды. Себебі оқу ақысын төлеуге қаражаты жоқ. Барлық нәрсе айналып келгенде ақшаға тіреледі. Тек ақша, ақша және ақша.​
​ Жұмыс іздеп табаны тозып, шаршап шалдығып көше бойымен келе жатыр еді. Қонақ үйден шығып келе жатқан бір сылқымға кезікті. Моллиді танитын адамша сайрай жөнелді:
​ ​ — Жарқыным ақша іздеп жүрсің бе? Жұмыс керек солай ғой. Иә, иә білемін жұмыс керек, жұмыс, — деп сақылдап күлді.
​ ​ — Сіз жұмыс бересіз бе? — деді көңілінде еш алаңдығы жоқ, Молли.
​ ​ — Жоқ. Мен жұмыс бермеймін. Бірақ ақша табуға жол көрсетемін, үйретемін. Көп ақша табасың. Өміріңді өзгертесің. — деп тағы да сақылдап күлді.
​ ​ — Қалай сонда?
​ ​ — Кәдімгідей. Жаңа менімен бірге шыққан жігітті көрдің бе? Өте бай, ауқатты жігіт. Мен оған өзімді сыйладым, ол маған ақшасын сыйлады. Болды. Жұмыс дегенің осы.​
​ ​ Не дерін білмеген Молли бір орынында қаққан қазықтай тұрып қалды. Бойы дір-дір етіп. Көзі шүңірейіп, жағы солып өзгере берді.
​ ​ — Болды, болды жарқыным шошыма. Мен тек жұмысты үйреттім. Сенен ақы алмаймын. Мынау менің номерім, — деп кішкене қағазды қолына ұстатты да, сақылдап күліп жүре берді.​
​ ​ Кішкене қағазды қолына жиіркене ұстаған Молли үйге келді. ​ Үй іші қара көлеңке. Төсекте әкесі жатыр. О, сұмдық әкесінің жүзінен тіршілікке тән нышан білінбейді. Жан ұшыра Молли жедел жәрдемге қоңырау шалды.​
​ ​ Бақытына орай әкесі аман калды. Бірақ бір өкініштісі миында қан түйіршектері бар. Ота жасатпаса миға қан құйылу қаупі бар деп, дәрігер мән жайды түсіндірді. Ота ақылы екенін ескерте кетті. Осы апта да ота жасалмаса өлімге бір табан жақын болатынын айтап өтті.​
​ Ауруханадан шығып үйге келісімен Молли кішкене қағазды іздей бастады. Ақыры тапты. Бойына бар күшін жинап қоңырау шалды. Моллидің қоңырау шалуын күтіп отырғандай, телефон тұтқасын қонақ үй алдын да кездескен сылқым алды.​
​ — Сәлеметсіз бе? Мен алдындағы... — сөзінің соңын аяқтатпастан.
​ — Есімдесің. Өзімде қашан қоңырау шалады деп күтіп отыр едім, жақсы болды. Көп ойланбапсың. Бүгін кешке алдындағы қонақ үйге кел. Қалғанын сол жерде түсіндіремін. — деді де телефон тұтқасын қоя салды...
​ ​ — Бір күнде осынша ақша тауыпсың. Біраз сұлулардың алдын орайын деп тұрсың... Бұл ақшаны енді не істейсің? — деп сылқым, Моллиға сұқтана қарады.​
​ ​ — Әкемнің отасына жұмсаймын. — деді баяу ғана сыбырлап.
​ ​ — Онда дұрыс. Әкең тезірек сауығып кетсін!
​ ​ — Рахмет!
​ ​ — Енді тезірек үйіңе бар, — деп сақылдай күлді. — Біз біргеміз. Өзіңде көрген боларсың аса әкетіп бара жатқан жұмыс жоқ. Бастысы мейманның көңілінен шықсаң болғаны...

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​                                                                                ​ ​ * ​ * ​ *

​ ​ Моллиді тағы да сол дыбыс ойын бөлді. Бұл не болды деген оймен бөлмеден шыққанда. Еденге құлап тұра алмай жатқан әкесін көрді. Бұндай жайтты күтпеген Молли қолына телефон алып жедел жәрдемге қоңырау соқты. Әкесін орынынан тұрғыза берген де көзі едендегі қою қызыл қанға түсті.​
​ ​ Көшені басына көтеріп жедел жәрдем де келді, бірақ тым кеш еді.​

 

Бибіт НҰРМҰХАНОВ



Бөлісу: