Менің ең, ең қысқа әңгімелерім
блог
Әлем әдебиетінде ең қысқа әңгіме туралы түсініктер бар. Түсінік қана емес, сол әңгіменің өзі де бар. О" Генридің ең қысқа әңгімесі маған қатты ұнаған еді. Сол себептен де ең қысқа әңгіме жазуды жөн көрдім. Тез оқылымды, тілге жеңіл болуымен ерекшеленетін бұл қысқа әңгімелерді кез-келген ойы-ұшқыр адам әсерлі етіп жаза алары анық. Алдарыңызға өзімнің әңгімелерімді ұсынбақпын. Мүлт кетсем, сөкпессіздер...
1. Жалт-жұлт еткен алмасқа да тең келмейтін, гауһар тастың да оның алдында аласаратын жөні бар-тын. Есікті ақырын ашса, алдында күлімдеп анасы тұр.
2."Құр сөзбен мейірімді болғанның ешқандай пайдасы жоқ. Мейірімді екенімізді ісімізбен көрсетуіміз керек. Ең сұлу мейірім осылай болады"– депті.
3. Ару ана күндегі әдетінше терезе жақтауында отыр. Көкке қарай-қарай сарылыпты. Жүдеген. Шырағы сөніп біткен...
4.Аулада бір-ақ рет көріп қалып еді. Жүрегіне кішігірім салмақ түскендей. Түні бойы таң атқанша екі жағына кезек-кезек аунақшып жұлдыздар сөнгенше ұйықтамады.
5. Ойы жетіп еді, міне енді қолы жетті. Өзіне сене алмай тұр. Бұл мұнарадан жұлдызды аспанды тамашалау... Неткен бақыт!
6. Қараңғылық қоюлана бастаған уақыт, су жаңа көлігіне міне бар жылдамдықты асырып ауылға қарай жүйткіп барады. Өмірдің жарқ етерін кім білсін?!
7. Жылдар бойы он миллиардты адамзаттың бақыты үшін жұмсапты марқұм!
8. Орманды бақта, көкпеңбек аспан астында, құстардың сайраған үнін, балалардың тәтті, жанды сөздерін естіп ұзақ отырды.
9.Түннің ортасы. Бозарып атқан таң. Түс ауа әрең ұйқыға кетті.
10. – Ағай, ағай, менің отбасым жоқ еді. Актрисалық рөлде жетімнің рөлін сомдап берсем бола ма?!
11. Ішкі сандығымды ақтарайын десем, достарым өздігінен ғайып болды.
12. Су түбінде балық күні-түні дамыл таппай жүзетін. Ал бүгін ол көрінбеді.
13. Үй-күйі жоқ. Қаланың дәл ортасындағы алаңда тек қорабымен өзі ғана адам атаулысынан медеу іздейтіндей.
14. Туды. Еңбектеді. Жүрді. Қалжырады. Дүниеден озды.
15. Ол шын көңілімен: "бақыттың кілті – жүректе"– деді.
16. Басына көбелек ұшып-қонғандай. Бақыттан басы айналған.
17.Білдіртпей үш-төрт бала кіргендей болып еді. Қарияның көзіне бірден көріне кетті. "Бақшамның ұнағанына мен қуаныштымын. Бар жемісті тойғандарыңша жеңдер" – деді қарт.
18."Үміт күт!" деген жаңғырық естілді...
19. Бір қоян. Бір қасқыр. Бір қасқыр. Бір қоян.
20.Атам-әжем. Анам-әкем. Інім-сіңілім, және мен.
21.Әлди-әлди, әлди-ай!
22. Ол ұшар биік Эвересттің төбесін де бағындырды. Бірақ, бақытқа толы ауамен соңғы демін алды.
23. "– Дәрігер, жүрегімді емдей алмайсыз."
24. Бақандай бір жылы сағыныш болып созылды.
25. Алақаны анамның...
26. Тұңғиық терең бойлай берсең, су астында бәрінің бақытты екенін көресің.
27. Көк мұхиттың дәл ортасында кеме ғана қалған...
28. Оның арманы – таңғажайыптарға толы фантастика. Арманының орындалуын күте-күте сексеннің сеңгіріне де келіп қалыпты.
29. Айнала у-шу. Бірақ, бұл дауыстар адам дауысы емес. Кенет есік тарс жабылды.
30. Кеменің қаупі айсбергке жете бергенде күшейе түсті. Капитанның жүрегі дүрсіл сала берді.
31. Тәжірбие жүзінде болатын. Бірақ оны акула жеп қойды.