Маңызды елші мырзамен кешкі сұхбат. С.Лукьяненко

Маңызды елші мырзамен кешкі сұхбат. С.Лукьяненко
жеке
блог

 

-Менің үйренуге әлі уақытым болмай жатыр,- Анатолий күлімсіреді, граг оның бет қимылын дұрыс түсінер деген үмітпен.-Менде сіздердің бірде-бір газеттеріңіз жоқ, оқып көргім келсе де.

Жер шарында грагтардың тілін түсінетін жеті адам бар деп есептелінетін. Байланыстан кейін, грагтар шұғыл түрде адамдарға өз тілдерінің толық сөздігін табыс етті — граг-ағылшын, граг-орыс,граг-қытай,-содан бері әлем тіл мамандарына көңілді өмір басталған еді. Әр мемлекет иниститут зертханаларында ақырын ғана еңбек етіп жатқан қабілетті деген ғалымдарын ,сахнада сауық көрсетіп жүрген ,он немесе жүздеген тіл білетін ғажап қабілеттері бар адамдарды жақсы жабдықталған әрі күзеті мықты жайларға қамауды өзінің парызы деп түсінді. Олар әлі күнге дейін сол жайларда еді, бөтендердің мінез-құлқын-тіл арқылы түсінуге тырысып және тәржімашыларды дайындап. Қызық, тіл мамандары көңілді қалдырмады.Анатолийдің білгені грагтардың тілі олардың бір ауыздан мақұлдауы бойынша бай,кең әрі қиын емес. Қытайшадан қиынырақ,бірақ орысшадан оңай, былайша айтқанда. Мүмкін Анатолий шынында да үйреніп кететін шығар...егер адамзат тірі қалатын болса.

-Бұл болмайды,-деді граг.-Менде тек қана ескі газеттер ғана. Сізге олар керек пе?

Тек қана дипломаттық тәжірибесі Анатолийді бет әлпетінен сыр білдірмеуге сақтап қалды.

-Керек шығар.

-Алыңыз.

Грагтың қолы мейрамханалардағы айналатын орындықтарғо өте ұқсайтын биік орындық астына сырғанап кірді. Жұп-жұқа әуен немесе шағын компьютер дискісіне ұқсайтын табақшаларды алып шықты.

-Бұлай жасайсыз...-деді граг, табақшадағы бір таңбаны басып.

Ауада тағы бір жылтырақ шар пайда болды.

-Бұл қабылдау жылдамдығы.

Тағы бір түймені...түймені?...иә, әрине түймені басқанда. Шар таза емес ақ түске боялды.

-Сіздің уақытыңыз болды,-деді кенеттен граг, таныстыруды кілт тоқтатып. Табақшаларды Анатолийге ұсынды .

Арандату ма? Жалған мәлімет пе?

5 — бет

(жалғасы бар)