Маңызды елші мырзамен кешкі сұхбат, С.Лукьяненко

Анатолий үндемей қалды. Күзетші де, сезінді-ау деймін, аузынан шығып кеткен осынау сөздері үшін жауап беретінін,үнсіз қалды.

  Жеделсаты тоқтады.

  -Сізге сәттілік тілеймін,- Анатолийдің арқасынан күбірледі күзетші-Сәттілік тілеймін!

  Бұл адамға шынымен де қатты әсер еткен болуы керек...

  Терең дем алып, Ресей үкіметінің президенті жанындағы аса маңызды шаруаларды шешетін елші Анатолий Белов бөгде планеталық елшілік аумағына қадам басты. 

  Жалпылама дипломатиялық тәжірибе бойынша -бөтен, ал тұрпайы шындық бойынша -"жау"деп айтуға келетін  мемлекет аумағына келіп кірді.

  Осыдан екі ай бұрын бұл жерде әйтеуір бір мекеменің кеңсесі бар еді. Ал грагтар бұл ғимаратты өздерінің Ресей мемлекетіндегі елшілігі етіп таңдағаннан кейін, кеңсенің ізі де қалған жоқ. Бөтендер барлық қабатты жалаңаш бетон қорапқа дейін бір сағатқа жеткізбей тазалап тастады.  Тағы бір сағаттан кейін , Белов елшілікке келіп кіргенде , дәл осы кейіпке енген еді.

  Қабырғалары-еріне жыбырлаған қоңырқай түсті зат, бейне бір түтесі шыққан кигіз іспеттес. Еден мен төбе- дәл осы зат, бірақ қызғылт түсті. Азын-аулақ жиһаздардың не үшін керектігі оңай танылғанмен , барлығының пішіндері көзге оғаш көрінеді,төбеден салақтап тұрған шамдардың өсінділері жарқырамаса да, тап-таза ақ түс шашып тұр.

 Әрине , егер де ақ түсті таза деп айтуға болатын болса...

  -Кеш жарық, маңызды елші мырза,-деді сыпайы түрде граг, есіктің жанында тұрып. Оның атқаратын міндетін шамамаен оққағар-хатшы деп танылды. Иілгенде иығына дейін жететін грагтың жұқа тізелерінде сәулешашқыш жатыр, ал ауада қалықтап, сәт сайын құбылып, кішкене ғана шар.. шамалама бойынша- голограмма, инфрақызыл,ультракүлгін және радио жиіліктерінде жұмыс жасайтын.

(жалғасы бар)

2-ші бет  аударған Т.Халық



Бөлісу: