Суретші күндіз-түні тынымсыз сурет салу үстінде...Суретшінің қаламсабы тигер жер лезде айрықша сипатқа енеді.Бір көңіл бөлсеңіз алтын түсті бояуды алып , күн шуағына жер-әлемді шарлатады, ал енді бірде сұрғұл түсті қанықтыра бояп, аспаннан жасын сықтырады.
Емін-еркін жүрген қауымды жаз бойы еккен өнімдерін жинауға асықтырады.Далада доп қуалаған балаларды мектепке ынтықтырады.
Осы қалыппен бір көз ілмей өз өнерімен жұртты тамсандырудан еш шаршамақ емес.Ол қылқалам шеберінің есімі-Табиғат Ана еді.