Кішкентай қыз
блог
«1944 жылы қалалық Хартфорд циркінің өртенген орнынан қатты күйіп қалған белгісіз қыздың мүрдесі табылды. Қыздың суретін жасап, барлық елдің газеттерінде жариялап, іздестіру жұмыстары жүргізілді. Алайда бірнеше жылға созылған іздестіру нәтижесі сәтсіз аяқталды. Кішкентай қыздың кім екені, қайда туғаны жұмбақ күйінде қалды. Қыздың құлпытасына мәйітханадағы «1565» нөмірі және «Кішкентай ханым» деп жазылған.»
Бұл менікі емес. «Массагет.кз» сайтындағы «әлемдегі ашылмай кеткен құпиялар» деген былықпалар арасынан тауып алдым. Басым айналып қалды, екі күн бұрын осы оқиғаның бер жағына жарап қалар ұқсас бірдеңе естіген сияқтымын деп отырдым да қалдым.
Оның аты сары шелпек болатын. Басы қазандай сап- сары кластасымның тіпті шын атын атай бермейтін едік, байқұстың. Ағасыда өзіне ұқсас біреу болатын. Бірақ барып тұрған атағы шыққан қызыл ми еді, ол маған сол үшін қызық болатын. Біз өте жақсы араластық, тіпті алыс туыстығыда бар. Сөйтіп жүрген сары шелпектің ағасы қазір Нью- Йорктағы Гарвардта оқып жатыр. Біз Skype, вконтакты сияқты әлеуметтік желілермен жиі сөйлесіп тұрамыз. Екі күн бұрын солай ананы -мынаны айтып мыжып отырғанымызда ол маған біраз жылдар бұрын Колифорния штатында тұрып, баспасөзде біраз шу көтеріп аяқ астынан жоқ боп кеткен Кішкентай қыз туралы әңгіме айтып қалды. Мені қызықтыра түсті. Екеуіміз бірігіп ол туралы материялдар іздей бастап едік, біздің көзіміз жетті.
Ол өзінің кім екенін білмейтін еді. Тоғыз жастағы кішкентай қыз. Асырап алған ағылшындық ата- анасы Нинаның дислексиямен( Баланың граматикалық тұрғыдан сауатсыздығы, дыбыстарды дұрыс қабылдай алмауы. Бұндай балалар ерекше қабілетке ие болатынына байланысты АҚШ та арнайы оқытады.) ауыратынын ескеріп қыздарын арнайы мектепке ауыстырыпты. Нина өте мазасыз бала «why?» деген сұрақпен айналасына өте көп мазалайтын сияқты. «Неге красофканың бауын мен басқалай байлай бастаймын, мама басқалай үйретуге тырысады маған» «Клареяның батпырауығы неге менікінен қалып қоя береді, ал мен оған батпырауығыңда ұстап тұрған көрінбейтін сиқырлы тас бар десем сенбейді, оны мен ертегіден оқығам.» «Мен төсекке оң жағымен жатқанды жайлы деп есептеймін, ал құрбыларым шалқасынан жататындарын айтады» « Мен әкемнің көзіне қарасам өтірік айтуға тосылып қалам, ал менің құрбым Кларея ернінен сүйеді да күле салады» «үйдегі мысығым ауырып жүріп құсып қойғанына қарап ертесі менің ауызыма жара шығып кетті, оның не екенін ешкім айтқан жоқ маған» Кішкентай қыз тек өзіңің азияд екенін ғана білетін. Арнайы мектепте ол сурет өнеріне қатты жақын болса керек. Оның «Домалақтар» деген галериясы туралы газеттерде жазып жатты. Ол аппақ қағаздарды шыныменде өте қызық домалақтармен толтыратын. Неше түрлі шеңбер салды. Сол домалақ шеңберлерден таңағажайып құрлыстың нобайын шығаратын. Күн өткен сайын кішкентай қыз туралы әр жерде көп айтыла бастады. Бұл ата- анасын алаңдатқан шығар бәлкім! Уақыт өтіп жатты, бәрі қайта ұмыт болды да қалды. Ешкім білмейді. Кішкентай қыз өзінің кім екенін мәңгі іздеп өту үшін ғана ғайып болған шығар бәлкім?! Бірақ ақ қағазға түсірген домалақтары қазақ үйдің пішініне ұқсап қалатын сияқты көрінді маған.