Кешірім

Кешірім
жеке
блог

Кешірім

   Республикалық журналдың «Ошақтың отын сөндірмей» айдарына қайтыс болған ақын, жазушы, қоғам қайраткерлері, ғалымдардың жарларынан сұқбат алатынмын. Кезекті нөмерге белгілі ақын Сәкен Иманасовтың жары Мәрия апаймен сұқбаттасатын болдым. Жүзі жылы, көздеріне мейірім тұнған, ақ жарқын жан екен. Келіскен уақытта ол мені құшақ жая қарсы алды. Оқуды бітіріп ауданға кітапханашы болып орналасып, жұмыс істеп жүргенде кітапханаға жиі келетін журналист жігітпен (Сәкен аға) танысыпты. Тәрбиелі, инабатты, ақ-сарының әдемісі Мәрия апай Сәкен ағаға бірден ұнапты. Ер азаматтары соғыстан қайтпаған, шиеттей тоғыз балалы отбасына келін болып түсіп, екі ене (үлкен әжейді де) күтіп, баталарын алыпты. Барлығының қас-қабағын бағып, көңілдерін тапқан Мәрия апай өзінің Сәкен ағамен өте баққытты ғұмыр кешкенін айтты. Арасында оны сағынатынын айтып, көз жасын да сығымдап алды. Лезде күлімдеп шыға келетін жанарынан мен оның ешқандай қиындыққа мойымайтынын байқадым. Әңгіме соңына қарай мен кейіпкерлерімнің (әйелдерге) бәріне қоятын сауалымды қойдым:

- Апай, қалай баққытты болуға болады?

Кейіпкерім мейірлене қарап: «Қалқам, кешірімді бол, кешірімді болсаң бақытты ғұмыр кешесің» деді...