Кешкі әңгіме 12-бет
блог
-Сіз айттыңыз ғой, досым менің,-барынша еппен сөйлесуге тырысып Анатолий,-бұл нәсіл бос кеңістіктен жұлдыздар мен планеталар жасай алатын деңгейде болды деп? Оларға кішкене ғана Жердің не қажеті бар?
-Иә, әрине. Бірақ бұрындары? Тиуа жаңа ғана дамып келе жатқан кезде олар біз сияқты тәжірибесіз әрі көп нерсеге қолдары жете қоймаған кездері ше? Оларға да планеталар керек болғаны анық! Бірақ олар Жерді жаулап алмады. Таң қаларлық! Сондықтан да біз адамзатты сақтап қалуды ұйғардық... Граг нәсілінің мүддесіне нұқсан келмейтін жағдайда. Резервациялар ұсындық, ал содан кейін тұтас планетаның қақ жартысын!
Анатолий ойша Жерге тиіспеген тылсым өркениетке рахмет айтты.
-Сіздер өте дана және мейірімдісіздер,-деді ол.
-Асыл сөздеріңіз үшін рахмет айтамын, досым менің,-қымсынғандай болды граг. Шайынан ұрттап қойып. Біраз үндемей қалды да;-Сіздерге енді қорқудың қажеті жоқ. Біз не үшін екенін түсіндік, енді сіздерге ешкім тиіспейді!
-Егер де Жерге сіздерден де жоғары дамыған , қуатты нәсіл ұшып келсе не болмақ?-деп сұрады Анатолий.
-Онда қауып мүмкін бізге төнеді,-деді граг.-Айтпақшы енді біз саясатымызды өзгерттік, бұрынғыдан да жылдам дамитын боламыз.Сіздер қалай болса да аман қаласыздар. Біз не болғанын түсіндіреміз, содан кейін сіздерді ешкім ренжіте қоймас.
Анатолий шайынан ұрттап қойды. Оны грагтардан алған рақымшылықты жедел түрде жеткізу парызы мен әуестігі екі жаққа тартып отыр еді.
Әуестігі жеңіп:
-Олар сіздерді тыңдайды ма?
-Тыңдағанда қандай.
Граг терезеге тақап келді. Қалықтап тұрған табақшаға қарап.
-Егер де сіздер қарсы болмасаңыздар,-деді ол, -біз сіздерге мына үш кемені сиға тартамыз. Мүмкін бұл сіздердің дамуларыңызға қамшы болар. Мен бұл ұсыныстан болар пайдаға сенбесем де,талпыныс жасап көрейІн деп тұрмын.
-Сіз шын айтып тұрсыз ба, маңызды мәселелерді шешетін елші мырза?
-Иә.