Кешегі өткен бір күнім
блог
Күн жұлдызының бозарып атқан көрінісін тамашалап тұрып, бақыттың дәмін татқандай боласың. Алғашқы күн сәулесіне шомылу қандай әдемі сезім десеңші...Таңғы сол бір көріністі жіберіп алмас үшін күн шықпай оянып, асыға күтумен боламын.
Қолыма кітабымды алып, итжығыс тіршіліктен бір уақ өзімді босату үшін күн нұрына малынған үстел үстіне жайғастым.
Кезекті кітабым Шығыс пен Батысты мойындатқан философ, Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз», ғұлама әл-Фараби жайлы болмақ. Солай таңмен таласып Фараби өміріне сүңгіп кеттім.
Кітаптың кей тұсында түңіліп ұнжырғам түсіп кетеді, кей жерінде қанаттанып, шабыт аламын.
Бір ғана кітап - сан қилы сезімдерді бастан кешіруге жетіп артылады.
Уақыт біразға келді.Тіршілік қамы да бар.Кітабымды жауып, орнына қойдым. Іштей: «Әрбір адамы бақытты, "идеал қалада" тұруды қалаған әл-Фарабидің жаны қандай таза, қандай кең еді?» деймін.