Қазақтардағы каннибализм

Қазақтардағы каннибализм
жеке
блог

Қазақша «каннибал» сөзі қалай болатынын білесіздер ме?!

Егер Гарри Потер кітабын аударған кісі болса, "кәннібал" болушы еді. Бірақ ол кісінің жолында бұл сөз кездеспеген-ді. Жақында бір "кітап оқу" байқауы барысында "Қараман-қарақшы" кітабын оқып бастағам. Сол жерден бұрынғы қазақ жерінде кішкентай, қаңғыбас балаларды ұрлап, жейтін адамдардың болғанын білдім. Оларды "жөйіт" деп атайды екен. Жөйіттердің балалардан басқа, ересектерді де асқа жейтіні бар. Олардың арнайы жертөлелері болады. Жертөледе ұсталған жәбірленушілердің аяқ-қолдарымен қоса, мойындарын жердегі қазыққа бойлап қояды. Содан ұсталған адамдарына ауқаттарын итаяқпен беріп, итше адами қалыптан айыруға себеп қылады. Осы жерден қазақша каннибал сөзі-жөйіт болатынын білдім. Бірақ интернеттен бұл сөзді іздестіріп қарағанымда, тағы да, басқаша мағына беретінін таптым. Ол (жөйіт, жебірей) - еврей. Сонымен еврейлер адам жейтін болды ма, белгісіз дедім. Тағы да ақпараттар қарай келе тапқан қосымшам- "каннибал" сөзінің еврей тайпаларымен тығыз байланысы."Кан" еврей тілінен аударғанда "абыз", "баал"- құрбандыққа адам шалынатын, еврей құдайы. Және де ежелгі еврейлерді кейбір деректерде жөйіт болған деп санайды. Сондықтан, аударманың сәйкес келуі тектен емес деп ойладым. 

"Қараман қарақшы" кітабының авторы туралы тоқталсам, Момбек Әбдіәкімұлы – 1959 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Атбұлақ ауылында туылған. Көкшетау университетінің қазақ тілі және әдебиеті факультетін бітірген. Респуликаға танымал жазушы, шежіреші. Шығарған кітаптарының жалпы саны-17 (ғаламтордан алынған ақпарат).

Осы шығарма автордың туындысымен алғаш танысуым. Маған кітап ұнады. Қазақша шетел боевиктарынан кем түспейтін туындылар бар екеніне қуандым. Кітаптың оқиға желісі, жазылу мәнері, бәрі ұнады. Келесі бетті тағатсыздана, ары қарай оқиға қалай жалғасады екен деп қызығушылықта оқисыз. Егер бастауға күмәнданып жүрсеңіздер, оқуға тұрарлық кітап, өкінбейсіздер деп айтар едім.

Қорыта, Қараманның кейбір қылықтарымен келіспесемде, оның әділеттілікті жаны сүйген азамат болуға тырысқанына сенемін.

p.s.Сурет авторы-өзім