Қазақ пен қырғызға тән үш қасиет
блог
Қазақ та, қырғыз да қыз баласының нәзік болмысын сақтап өсірген. Әйел затындағы сұлулық пен нәзіктікті сақтау арқылы ар-ұят пен иманды, ұлтын сақтап жатқандарын білген. Бұл жайлы Ш.Айтматұлы былай дейді : «Еркек – етіне найза сұқсаң да, көзіне тамшы жас алмайтын берік қасиетке ие. Ал, әйел - одағай айтылған бір ауыз сөзден жермен - жексен болып, пәсейіп қалатын нәзік көңілге ие. Осыған орай, қазақ пен қырғызда әйел затын ерекше ардақ тұтатын салт бар. Ол дәстүрдің сыры сұлулық пен нәзіктікті сақтау – ар-ұят пен иманды сақтау екендігін терең түсінгендіктерінен ғой. Сондықтан, өмірдің ащы-тұщысын көріп, ысыла берсін, тұяғы тасқа салса кетілер, суға салса жетілер деген оймен ұлын жел өтінде ұстаса, қызын аз күндік қонағым, алтыңның сынығы, шұғаның қиығы деп, бөркінің үстіне үкі қадап, үлпілдетіп өсірген. Қылжақтаған көлденең көк аттының көз сұғынан жеңгелері қорғаштап баққан»
Обал мен сауапқа аса сақ болған.Қазақ та, қырғыз да шаңырағына ұя салған қарлығаштың балапандары қанаттанып, жетіліп кеткенше, көшпей отыратын, обал мен сауапқа аса сақ халық болған.
Ананың ардақтылығын біліп, ананы құрметтей білген. Қазақ та, қырғыз да тұлпар туған биені соймайды екен.Өйткені, өмірге асыл перзент берген ана қандай құрметке де лайық деп білген. Оның алдындағы кішілік - кісіліктің белгісі деп таныған.