"Қамар сұлу" сыни пікір

Қамар сұлу
Қамар сұлу” С.Торайғыров шығармашылығындағы алғашқы көлемді шығармалардың бірі. Сондықтан бұл романның қаламгер шығармашылығындағы алатын орны да ерекше. Романнан С.Торайғыровтың таланты, дүниетанымы, саяси-әлеуметтік идеялары айқын көрінеді. Мұнда ащы болса да шындық айтылған. Қазақ халқының надан екендігі көрсетіліп,сол кездегі қазақ салт-дәстүрі сынға алынған. Кітапта Алланың ұлықтығы туралы көп жазылған. Және де "Қамар сұлу" шығармасында күрделі эпитеттермен, сатира қолданылған. "Ататай, болдым ғашық мұрыныңа, Көк бурыл иектегі құрымыңа. Кірпідей аяқ-қолы жиырылған, Қосылар күн болар ма тұлыбыма?" Қамар сарказммен осылай суреттейді. Шығармада көтерілген ең көрнекті мәселе, қазақ қыздарының қалымға сатылуы, қыз-әйел баласының өмірде алатын орны. Қыз баласының ойын сұрамастан, ақша,мал үшін 15 жасар қызды 50 жасар шалға қинап бергені туралы жазылған.
Кейіпкерлерге келетін болсақ, Қамардың бейнесін автор: Жіңішке сымға тартқан әні қандай, Балауыз балбыраған тәні қандай. Ақыл, ой, мінез, көрік түгел келіп, Толықсып толып тұрған сәні қандай? – деп ақын Қамардың «Ойы көркіне сай» қазақ қызын бейнелейді. Оның даналығы сонша, өзінің қателігінің кесірінен басқа қазақ қыздарына кір келтіргісі келмей, сүйгенімен қосыла алмайды.
Ахмет — кедей шаруа ортасынан шыққан, аздап оқыған жігіт, сөзге шешен ақын, ел аузына ерте ілінген қадірлі жастардың бірі. Жазушының ұғымында, Ахмет — жаңа дәуірдің өкілі.
Ахметтің жан-күйін сипаттағанда ғашық оты; шын сыр; жаутаңдаған көз сияқты эпитеттер қолданған.
Роман әсерлі,тілге жеңіл, жүрекке жылы шығармалардың бірі. Оқырмандардың көңілінен шыққаны сөзсіз.



Бөлісу: