Қағаз гүл

Қағаз гүл
жеке
блог

                                                                            Қағаз гүл

               Көктем...

              7-наурыз. Айел-қыздар мерекесіне 1-ақ күн қалды.

             Түскі асты әрең, келінінің көңілі үшін ұрттап ішкен Батыр ата, ауыр хәлде жатқан кемпірі, Күләш әженің бөлмесіне барып, жанына жайғасты. Бөлменің іші тыныштық... Ұйықтап жатқан кемпірінің қолынан ұстап, терезеден, аспанға бұлттарды жинап, қырсық мінезін көрсеткелі тұрған көктемнің мұңды көрінісінен көзін алмай отырған Батыр ата терең ойға батып кетті. Кемпірін, оның сырқатын ойлап ойға берілгені соншалық, жолға жиналып жатқан баласымен келінінің кіріп-шыққанын сезбеді.Бірде, жақында үй болған баласымен келіні келіп:

-          Әке, біз қалаға кетіп барамыз.Достармен мерекені тойлаймыз – деп атаны ойға батып жатқан жерінен құтқарып, шалғытты. Батыр ата жай дауыспен:

-           Балам! Бұл мереке анаңныңда мерекесі. Анаңмен бірге тойлап, сырқатын ұмыттырмайсыңба? Бәлкім бұл соңғы мерекесі болар - деп тесіле қарады. Мақсат атты баласы сонда:

-          Әке, қайдағыны айтпасаңызшы.  Анаммен әлі талай мерекені тойлаймыз – деді.

Кішкене үнсіздіктен соң  әкесінің « Ең болмағанда анаңа гүл ала кел» деген сөзіне  баласы асыға:

- Аке, анам гүл алатын жастан өтті, мен анама сырқатына пайдалы ең қымбат дәріні алып келемін, акшам қалса гүлде алармын – деп жолға шықты.

          Жалғызсырап қалған Батыр ата әрең дегенде кештіде батырды. Мерекеде кемпірінің көңілін қалай көтеруін білмей, не сыйлаймын деп ойлап отырып “Эх кемпір, жастық шағымыз қайда? Сол кездегі күшім болсағой” деп отырып жастығында Күләш әжемен бірге үйренген қағаз гүл есіне түсіп кетеді. Түнімен қағаздан гүл жасап  таңды атырады.

          Күннің көзі жадырап шыға келді. Кешегі көңіл бұзарлық бұлттар жоқ. Батыр ата қағаз гүлдерін алып Күлаш әжені мерекемен құттықтап

- Кемпір, маған қағаз гүл әкеліп мазақ етті демессің. Не щара? Қолымнан басқа ештеңе келмейді -  деп көзіне жас алады.  Әженіңде жастығы есіне түсіп шалына қуана қарап

-  Әй шалым, өзіңе алғысым шексіз. Мені осы уақытқа дейін аялап келдің. Мен үшін барлық нәрсеге дайын тұрдын. Кеше түндегі көңілсіз күйіңді сездім. Сен уайымдама, мына сыйлығын мені көкке көтерді. Тірі гүлден мың есе артық. Менің өмірім сенімен байланысты болғанына бақыттымын -  деп сырқатын ұмытып кетіп өзін жайлы сезінеді.Жылапта алады. Жылағаны қағаз гүлге өкініп емес, жарының кунышы үшін түнімен ұйықтамаған шалының сезімінің шынайлығына қуана жылайды. Әнгме айтып, бірде жылап, бірде күліп  мерекелік күнді екеуі көңілді өткізеді.

       Ертесіне таң ата балаларыда келеді. Келіннің қолында бір қушақ гүл. Батыр ата оны көріп қуана:

- Анаңа әкелдіңдерме – деп еді келіні:

- Жок ата, Мақсаттың маған сыйлағаны ғой – деп мәз күйінде Мақсат екеуі анасының бөлмесіне кіріп кетеді. Ізін суытпай Батыр атада бөлмеге кіріп баласына анасын оятпай туруын айтып, демде қағаздан гүл жасап Мақсатқа беріп:

-  Мә, анаңа сыйла, ақшаң қалмай гүл әкеле алмапсың, анаңнын алдында құр қол отырма, сені ақшасыз қиналып жүр деп ойлап қалады. Менде кеше осыны сыйлап кішкене болсын куантып қойдым  – деп айтып жатқан Батыр атанын даусынан Күләш әжеде оянып кетіп  келіннің тірі гүлді иіскеп, түбекке салып жатқанын, алдындағы қағаз гүл ұстап тұрған баласын көріп, анасынан жарын артық көргенін біліп тұрсада білдірмей сырттай қуанғанын білдірді. Әкесі кішкене кекетіп:

-  Балаң кімнің қандай гүлді жақсы көретінін, қай жаста қандай гүл сыйлау керек екенін  біледі – деп миығымен күліп қойды. Бұл сөзден өзін жайсыз сезінген Мақсат әнгімені бұрып анасына дәрі әкелгенін айтады. Анасы  “Балам, маған дәріңнің көмегі жоққой, боларым болған карт кісі болдымғой, оның орнына өзіңе, келінге бірдене алмадыңба?” іштей “Әкеңе бір шекпен алсаң болмайма, маған керегі дәрі емес сенің перзенттік сезіміңғой. Эх.. Менғой бірдене болармын, әкеңе қара балам, әкеңе...” деп теріс қарап жатып көзіне мөлдір жасында шақырып алды.Бұл жолы өкініш көз жасы. Балары үнсіз шығып кетті.

      Арадан күндер өтіп анасы өмірден өтеді. Оны көтере алмаған Батыр атада тосек тартып қалады. Күндер өтіп балалары анасының қабіріне барып келеміз деп жатқанда Батыр ата Максатты шақырып

-          Балам анау тұрған сандықты аш – дейді. Мақсат барып сандықты ашса іші толы қағаз гүл екен. Батыр ата әнгмесін жалғастырды:

      -    Балам, Мен кедей жанұяда өстім. Анаң екеуміз бір-бірімізге ғашық болып жүрген кезде анаң маған қағаз гүл жасауды үйреткен. Мен амалсыздан әр мерекеде анаңа қағаз гүл сыйлайтынмын. Себебі, гүл алмақ түгіл нанды әрең тауып жүрген шағым еді. Бірақ анаң маған бір ретте ренжімеген, есесіне қуанып алғысын білдіретін. Білем барлығыда ішінде болған, бірақ маған бірде бір рет жарылып айтпаған. Мен қиналғаныма өкінбеймін, тек анаңа бір ретте тірі гүл сыйламағанмын. Сол менің ішімді жегідей жейді.Бұл жолғы 8-наурыз мерекесі оның ең соңғы мерекесі екенін білдім, сол үшін саған гүл ала келші деп өтініп едім. Себебі соңғы мерекесінде гүл сыйлап қалғым келді, осы өмірде өзіне ұқсаған гүлмен сыйланғанын көрсін деген едім. Бірақ сен... - деп кішкене үнсіздіктен соң тағы жалғастырды: - Мен кешеде қағаз гүл сыйладым. Не деген бетсіз адаммын десеңші. Бірақ амал қанша, жастығымда байлықсыз гүл сыйлай алмасамда армандайтынмын мен сыйламасам балам сыйлайды деп. Бірақ сенде қағаз гүл сыйладын. Анаң саған білдірмеді, бірақ оның өкініші ішінде еді. Сол өкініштер оны жеп бітірді. Менде көп ұзамай о дүниеге кетемін. Біздің қабірімізге гүл апармассың. Барында сыйламаған жоғында сыйларма еді? Соңғы өтінішім. Мына қағаз гүлдерді әдейі сен үшін жасадым. Осы гүлдерді біздің қабірімізге алып барып тұр. Тірі болмасада қағаз гүлге бөленейік Қағаз гүл біз үшін қадірлі болып қалды – деп қөзіндегі жасын жасырып тұра алмады. Баласы әкесінің аяғына жығылып көз жасын көлдетіп кешірім сұрады. Әкесі:

- Балам, дұрыс жарыңды сыйлау керек. Менде анаңды қатты сыйлағанымнан барлығына дайын едім. Қымбат нарсе сыйламасамда қағаз гүл сыйлағаныма қуанатынмын.Гүлде тұрған әнгме жоқ, барлығы сезімде қарағым. Сезімді қағаз болсын бір нарсеге толтырып берсең сонын өзі баршасынан асып өтеді. Бірақ ең бастысы сені жарыңды, барлығымызды ана жаратты. Анаңды құрметтемей бақытқа жете алмайсың балам - деп сөзін доғарды.

       Күндер өте Батыр атада өмірден көз жұмды. Әкесінің сөзінен ақыл тоқтатқан баласымен келіні әр жұма сайын дұға етіп ата-анасының қабіріне гүл қойып, әрине тірі гүл қойып зиярат ететін болды.Бірақ тірісінде сыйлай алмадым деген өкініштері таудай. Ал қағаз гүлдер уйдін төріне ілініп, Батыр ата әулетінің тұмарына айналды...!

Достар ойланайық! Әр мерекеде біз достарға қарай жүгіреміз. Достарымыз егер адал болса өміріміздің соңына дейін бірге болады. Өміріміздің соңына дейін мерекені бірге тойлаймыз. Ал ата-анамыз өміріміз соңына дейін бірге болама? Барында бірге меркені неге тойлап қалмаймыз? Бүгін баршамыз қыздарымызға сыйлық бердік. Ал анамызғаше? Ойланайық...

Абдикаримов Н. 08.03.2015 алғашқы әнгіме көрінісіндегі туынды.