Тойымыз болмай қалған соң,аздан соң біз көп қиналмай ақ айрылысып кеттік. Оны басынан бастап қарсы болған шешесі, меннен басқа қараушысы жоқ ауру әке-шешмнің машаһаты,болмай қалған той үшін төленетін несиенің ашуы ,және де маған белгісіз,білгім де келмейтін себептер алып кетті.Ал мен болсам несін айтайын,бәрі де белгілі жағдай ғой.
Әкемді жерлеген соң, өң мен түстің арасында жүрдім.Шынымды айтсам менің де әке қабырына барып жатып алғым келді. Бұл тірліктің түк мәні қалмаған еді. Ауыр күйзелісте жүрдім. Жүйкем жұқарып,сөгілердей .Тек шешем... Қайран шешем!
Анашым көктем мен күзде көтеріліп ауыратынды шығарды.Көршілерімнен айналдым. Бәрі біледі,жан адамға зияны жоқ. Отырыңыз деп орындық беріп ,алдына айна қойса болды ,бір нүктеге қадалып қатады да қалады.Содан маған қоңырау шалып "Апаны қатырып тастадық"дейді . Мен келіп алып кеткенге дейін солай отыра береді.
Оң жақта отырып бір қыз тауып алғанмын. Енді не істеймін. Жасым да отыздан асып бара жатыр. Еркектің не екенін біліп қалған мен еркек құшағын аңсай бастадым. Кеудемде алаулаған от бүкіл тәнімді күйдіріп бара жатыр. Мен секілді әдемі келіншектің еркексіреп жүргенін сезген тісқаққан жігіттер де табыла кетті. Ұят-ай,тіпті оншақтысы бірақ табылды. Кішкентай Гүлсімнің әкесі қайсысы екенін өзім де білмеймін...
(жалғасы бар)