Жұмбақ жайттар
блог
Мен үшін жұмбақ үш өлім бар.Бірі-М.Әуезовтың, екіншісі Ә.Әлімжановтың, үшіншісі- О.Бөкейдің. Мұхаңның өлімінің себебі баршаға аян-асқазан рагы салдарынан Кремль ауруханасында көз жұмды.Ауруханада қайтыс болды деп, себебіне көп адам көз жүгіртіп әуре болмады.Білсе, күдіктенсе көзіқарақтылар сезген шығар ажалдың жайдан -жай келмегенін. Мүмкін әулие емес шығармын, бірақ осыдан 20 жыл бұрын Мұхаңды түсімде көрдім. Біз жазушылар қауымы жиналыста отыр екенбіз деймін.Сол сәт есік ашылып Мұхаң кіріп келді, бәріміз таңбыз, "Қалайша, бұл кісі дүние салып еді ғой "-дейміз бір-бірімізге қарап.Ал ол кісі бізге, бір топ жазушыға: "Жігіттер мен өлген жоқпын, мені өлтірді ғой", -деп мұңайып тұр. Түсімді біразға дейін ұмыта алмай жүрдім. Жалпы ол кісінің өлімі төңірегінде біраз құпия бар.Кремль саясаткерлері әлемге әйгілі тұлғаның қажеті жоқ деп есептеді ме екен, кім білсін...
Ал Әнуар Әлімжанов болса Министрлер кабинетіне қарайтын 4-басқарманың ауруханасында көз жұмды. Қайтыс боларынан 2-ақ күн бұрын ойнап-күліп менімен шахмат ойнап отырған. Оның жүрегі ауырмайтын...
Оралхан болса Индияда жүріп кенеттен қайтыс болды. Кенеттен ұшқан болатын Индияға.Негізгі сапары Дели болатын. Ажал бір Алланың қолында ғой. Дегенмен, пенденің қиялы сан-саққа жүгіреді екен. Оралханның аздап өкпесі ауыратын. БІРАҚ...
Дулат Исабеков.
П.с Осындай жүректі ауыртар ауыр дерекпен танысып қалдым. Ал мен үшін 4-ші жұмбақ өлім бар. Ол Бердібек Соқпақбаевтікі. Қаланың шетіндегі саяжайдағы өз үйінде асылып қайтыс болуына не себеп болды екен. "Өлгендер қайтып келмейді". Бірақ "Ғалымның хаты өлмейді"
А.Амантай