Жоғалтып алма сен мені

Жоғалтып алма сен мені
жеке
блог

Жапондық жазушы шығармасымен танысуым екінші рет. Алғашқысы Харуки Мураками болған, ал қазір айтқым келіп отырған: тегі жапондық-ағылшын жазушысы Кадзуо Исигуро. Бүгінгі жазба - «Жоғалтып алма сен мені» (Never let me go)  романы туралы болмақ. Романда ғылыми фантастика элементтері болса да, ол ғылыми-фантастикалық шығарма ретінде саналмады. Туынды «Тайм» журналы бойынша ағылшын тіліндегі ең үздік 100 роман (1923 - 2005 жыл аралығында) тізіміне енген. Жапондық бола тұра өзге тілде жоғары бағаға ие болатын дүние шығару таң қалдырады.

Кітап бірнеше тілге аударылған. 2007 жылы орыс тіліне болса, «Фолиант» баспасының бастауымен қазақ тіліне де аударылған нұсқасы бар.

Кітаптың алғашқы бетіндегі аннотацияға көз жүгірткенде, шығарма - «өмірлік адал болу» теңеуінің баяндамасы және де достық, махаббат, естелік оқиғасы, астарлы роман деп айтылады. Расымен, бұл пікірмен толықтай келісімен. Бұзылмас достық, кеш келген махаббат кітапта толық қанды бар. Жалпы қалыптасқан үлгіде емес, басқаша формада көрсетілген.

Мазмұнына келсек, басты кейіпкер Кэтидің Хейлшем мектеп-интернатында өткен балалық шағының естелігінен басталады. Сол кездері тапқан достары және олардың арғы қарай тағдырлары әңгімеленіп, оқиға өрбиді.

Кітаптың «Never let me go» аталуы американдық әнші Джуди Бриджуотердің атауымен сәйкес келеді. Менің ойымша, кітап идеясы әуеннің өзімен тығыз байланысты көрінді.

К словам, надо сказать, я толком не прислушивалась – просто дожидалась этого места: «детка, детка, не отпускай меня...» И мне представлялась женщина, которая очень счастлива, но еще и потому, что очень боится чего-то, что может произойти...(спойлер болмасын деп, сәл өзгерту енгіздім, жалпы мазмұн сақталды)

2010 жылы роман желісімен фильм түсірілді. Режиссёр - американдық Марк Романек болды. Кітаптың қазақша нұсқасына қолданылған сурет осы фильмнен алынған. 2016 жылы жапондықтар да американдықтардан қалмай, роман бойынша сериал түсірді. Сериалда кейіпкерлер есімі жапон есімдеріне алмастырылған.

Кітапты оқығаннан кейінгі ойымды қалай жеткізерімді көп ойландым. Жаман деп те айта алмаймын, бірақ керемет туынды деген теңеу тым көп секілді. Оқырмандардың жоғары бағасына ие болғанына қарағанда, мен байқамаған ерекшелік болғаны ғой деп түйдім. Жақын достарыма оқуға кеңес бере қоймаймын, ал егер өз еріктеріңмен оқимын десеңіздер, танысып көруге болады.

Джуди, её сигарета, кокетливый взгляд на бармена, размытые пальмы на заднем плане...

p.s. сурет авторы - өзім )