Қыркүйек айының басы, еңісте күз басталып, сарғыш жапырақтар сән құрса да, тау баурайы әлі көкпеңбек, шырайлы, шұрайлы жазды еске салғандай.
Ғабең тауға қадала ұзақ қарады.
Сосын Мұхтарға қарап:
- Төлеген Айбергенұлының ағаштардың қисықтығы мен түзулігінен философия түйетін өлеңі есіңде ме? - деді.
Мұхтар жатқа оқи жөнелді :
Орман іші.Көз тұнады жарыса өскен ағаштан,
Бірі қисық,бірі түзу,бәрі көкке таласқан
Оқтай түзу кей қарағай көзін жазбай тұрса айдан
Емен,шілік орта жолда омақаса қисайған.
Мен ойланам:егер түзу өспесе кей бәйтерек,
Қисықты да біз тура деп қабылдар ма ек,қайтер ек?
Егерде сен түзуліктер жеңсін десең әлемде
Өзгелердің қисықтығын тура тұрып дәлелде.
- Ал, біз керісінше , кейде өзгелердің қисықтығын қисық тұрып дәлелдеуге тырысамыз, - деді Ғабең күрсініп.