Пəтерімде... Сыйға алған пəтерімде терезеден далаға қарап отырдым. Ойымда сен, тек сен... Тағы да көзің жасаурап, сарғайып мені күтіп отырсың ба? Əлде мені іздеп, жер-көкті шарлап, əбігерге түсіп жүрсің бе? Бағым, мен өмір ойынының пайдасын өз бақытымызға шешеміндеп ойлағанмын... Осы пәтерде бір кездері екеуіміз бірге тұрармыз деп армандадым... Бірақ, амал нешік, Құдайдың маңдайға жазғаны, өмірден бұйырғаны осы екен. Қайсы екен демекші. Тек "осы" деп айта аламын... "Біз армандаған болашақ, біз қалаған бақыт - бəрі де жалған. Ол - тек бақытсыздық." Ойға шомып отырғанымда, Айсұлу келіп:
- Ертас, көп уайымдама. Бəрі жақсы болады, - деп мен отырған арбаны жылжытып, ас үйге əкелді. - Қане, тамақтанып алайық. Содан соң тысқа шығып келеміз.
Кенет, есік қоңырауы соғылды. Менің бар назарым сол жаққа ауды.
- Мен ашайын, - деп Айсұлу сонда кетті. Жүрегім сезді. Сен келіп тұрдың... Сенің есік алдында тұрғаныңды сездім... Терезеден далаға қарап отырдым. Бір кезде Айсұлу:
- Ертас, саған келіп тұр, - деді. Сен ішке еніп келе жаттың. Бұрылып қарасам... Жанарың жасқа толып тұр. Сол баяғыша... Жоқ, одан да бетер еңсеңді мұң басқан... Əлде мені аяп тұр ма екенсің?
- Ертас... - есімімді əрең айтқаныңды байқадым. Менің мына түрімді көріп, тамағыңды өксік қысып, сөйлеуге шамаң жоқ сияқты ма, қалай өзі? - Қалайсың?
- Қалаймын? - деп өзіңе қайыра сұрақ қойдым. Ішімнен "Қалай екенімді көріп тұрсың ғой. Неге жүрегімді ауыртып сұрайсың?... Бəрібір тауып алдың ба? Мені жайыма қалдыршы..." - деп тұрдым. Сен оны көзімнен оқыған сияқтысың.
- Неге хабарсыз кеттің? Мен сені іздедім ғой...
- Үндеме. Мен... сені сүймеймін... - Бұл сөзді айту қанша қиынға соқса да, қанша жүрегім жылап, демім қысылып тұрса да... Амал не, айтуға мәжбүр болдым. Артынан қалай өкінгенімді білесің бе? Оны білмей-ақ қой. Жүрегіңді жаралама...
- Ертас... - Көзіңнен "Ертас, неге мұндайсың? Неге мені алдап тұрсың? Енді бірге боламыз дегенде, тағы да бəрін сен бұзып тұрсың. " - дегеніңді оқып қойдым. Бағым, бəрібір де мені түсініп тұрсың. Екеуіміз де жалған бетперде киіп, бір-бірімізді алдағансимыз. Шын мәнінде, сен де, мен де бір-бірімізді жақсы білеміз. Қай кезде жалған сөйлейтінімізді де... Өтіріктен құралған бұл өмір бақытсыздықтан басқа қайда əкеледі?!
- Айсұлу, бөгде адамдарды енді ішке кіргізбе. Оны шығарып сал, - дедім мен. Қиын... Сенен бас тарту оңайға соқпады. Сөзім солай десе де, жүрек оған бағына қоймады.
Бағым, маған ылғи жүрегі ауыратын қамқоршылар жолығады екен. Көп ұзамай Марат жүрегі ауырып қайтыс болды. Ол аздай менен Айсұлу да өз жүрегінің ауыратынын жасырып келіпті. Білесің бе, мен Мараттың мұрагері екенмін. Оның бар байлығы маған қалдырылыпты.
Əнші боламын деген арманыңды ұмытпадың ба? Иə. Мен сенің жасырын демеушіңмін. Кім арқылы саған демеуші болғанымды айтқым келмейді. Бірақ сенің əнші болуыңа бар үлесімді қосқым келді. Солай қаржылай көмек көрсеттім. Білесің бе? Айсұлу маған көп көмектесті. Ол маған барынша мотивация беріп, мені жігерлендіріп жүрді. Соның көмегімен мен өз аяғыммен жүре бастадым. Ешқандай арбаны қажет етпейтін жағдайға жеттім. Марат ағамнан қалған бизнесті өз қолыма алып, жүргіздім. Бір-ақ сəтте байып шыға келдім.
Сенің ең алғашқы жеке концертіңе арнайы шақырту алып, бардым. Жанымда Айсұлу да бар еді. Сахнаға сені шақырғанда бəрі қол шапалақтап, сені қарсы алды. Бағым, байлық, атақ, сұлулық - бұлардың ешқайсысы да бақыт емес. Бəрі де жиіренішті, еш сүйкімі жоқ дүниелер. Əрине, бақыт жоқта.... Еш мəні жоқ...
Ұзын етекті қызыл көйлегің өзіңе қандай жарасымды. Бүгін тіпті құлпырып кетіпсің. Қолыңдағы микрофон да сенің ғажап əнші екеніңнің бір белгісі секілді еді. Тек, сенің осы сұлу келбетіңді көзіңдегі қатқан мұздай мұң мен суық қардай жас бұзып тұрған еді. Саған ылғи махаббат жетіспейді, білем. Өзіңді жалғыз сезінесің... Əн салғаныңда мынау мұңды əнді көрермендер сен беріліп айтты деп қабылдады. Иə, дауысыңдағы діріл мұңның белгісі еді. Бұл - əзірше, əнге берілу емес, шынайы дерт еді. Сахнада əдемі болып тұрғаныңды қайтейін, өмірің өзің қалағандай емес... Солай ма? Əлде, сен осф өмірді қалап па едің?... Мен де мұндай өмірді өзім қалап, таңдағам жоқ. Залға қарашы, маған қарашы!
Залға назар салып, көрерменге қарағаныңда, алдыңғы қатардан мені көрдің. Қандай күй кештің? Тіпті, өзің де білмейтін шығарсың. Мен де білмеймін... Тек бір нəрсені білдім. Əлі де сені сүйетінімді... Бағым, кешір мені!