Ерекше елші мырза

Ерекше елші мырза
жеке
блог

Жеделсатыға кірерден бұрын, Анатолий шыдай алмай терезеге тағы да қарады.
Әрине, Бөтендердің кемесі өз орнында еді — тура Петр Біріншінің ескерткішінің үстінде, жүз он төрт жарым (тексерілген) метр биіктікте , асқан дәлдікпен түнгі аспанда тартылыс күшінің ықпалын жойғыш (хабарланған) қозғалтқыштармен ұсталынып тұрған және де қызғылт сары оттардың шынжыры, жойғыштардың оқпандары (шамалауымызша) орналасқан,дәл сол баяғысынша алып дөңгелек шеңберін қоршап жатыр еді.
Шынымен ол қайда кетуші еді?
Ал астыда, құрту мен өлімнің құбыжық машинасының астында, осымен екінші ай бойы Москваның үстінде қалықтап тұрған,жарнама шамдары жыпылықтап, көшелермен көліктер ағылып, қыдырып, анда-санда аспанға бір қарап қойып адамдар жүр еді. Адамдар- өте бейімделгіш жаратылыс қой. Адамдар неге де болсын бейімделіп алады, таңқаларлық жылдам бейімделеді.
Анатолий күрсініп алды да жедел сатыға кірді.
-Кеш жарық, маңызды елші мырза,-сәлем берді оған күзетші.Жасы келіп қалған,шамамен атағы майордан кем болмауы керек. «Альфалық» болуы мүмкін.
-Кеш жарық.
Күзетші жеделсатының түймесін басты, жеделсаты жоғары қарай көтеріле бастады. Қандай сайтанның сапалағына бола Бөтендер тура осы ғимаратты таңдады екен?
-Қандай жетістіктер бар?-деп сұрады күзетші сыпайы түрде.Бұл әдеттегі сұрақ еді, Анатолийдің де жауабы жаттанды болатын;
-Жұмыс жасап жатырмыз.
Жеделсатыда шамамен оннан аса тыңдаушы құрылғылар орнатылған шығар. Күзетшінің киімінде -бестен астам. Және де Анатолийде — жеті дыбыстық-бейне жазу-және сайтаным білер-не жазатынын құрылғылар, бұлар өзіне мәлімі, үшеуі ол білуі тиіс емес және қаншама бұл білмейтін жасырын құрылғылар. Бірдеңе деу сөлекет көрінді, және де ол күзетшімен ешқандай да құпияны бөліспекші емес еді...қанша жерден ол тексеруден өткен және сенімді, сүйегінен миына дейін кәсіпқой болса да. Бірақ бүгін күзетші тағы бір сұрақ қоюға батылы жетті:
-Жаңалықтарда....онда бір сұхбат болды...-басымен жоғары жақты меңзеп,- олар айтты, келіссөз жүргізу олардың ойында да болмапты...тек Анатолий Белов мырза жерді жаулап алуға асығудың қажетсіздігіне көндірген екен...
Анатолий үндемей қалды. Күзетші де, сезінді-ау деймін, аузынан шығып кеткен осынау сөздері үшін жауап беретінін,үнсіз қалды.
Жеделсаты тоқтады.
-Сізге сәттілік тілеймін,- Анатолийдің арқасынан күбірледі күзетші-Сәттілік тілеймін!
Бұл адамға шынымен де қатты әсер еткен болуы керек...
Терең дем алып, Ресей үкіметінің президенті жанындағы аса маңызды шаруаларды шешетін елші Анатолий Белов бөгде планеталық елшілік аумағына қадам басты.
Жалпылама дипломатиялық тәжірибе бойынша -бөтен, ал тұрпайы шындық бойынша -"жау"деп айтуға келетін мемлекет аумағына келіп кірді.
Осыдан екі ай бұрын бұл жерде әйтеуір бір мекеменің кеңсесі бар еді. Ал грагтар бұл ғимаратты өздерінің Ресей мемлекетіндегі елшілігі етіп таңдағаннан кейін, кеңсенің ізі де қалған жоқ. Бөтендер барлық қабатты жалаңаш бетон қорапқа дейін бір сағатқа жеткізбей тазалап тастады. Тағы бір сағаттан кейін , Белов елшілікке келіп кіргенде , дәл осы кейіпке енген еді.
Қабырғалары-еріне жыбырлаған қоңырқай түсті зат, бейне бір түтесі шыққан кигіз іспеттес. Еден мен төбе- дәл осы зат, бірақ қызғылт түсті. Азын-аулақ жиһаздардың не үшін керектігі оңай танылғанмен , барлығының пішіндері көзге оғаш көрінеді,төбеден салақтап тұрған шамдардың өсінділері жарқырамаса да, тап-таза ақ түс шашып тұр.
Әрине , егер де ақ түсті таза деп айтуға болатын болса...
-Кеш жарық, маңызды елші мырза,-деді сыпайы түрде граг, есіктің жанында тұрып. Оның атқаратын міндетін шамамаен оққағар-хатшы деп танылды. Иілгенде иығына дейін жететін грагтың жұқа тізелерінде сәулешашқыш жатыр, ал ауада қалықтап, сәт сайын құбылып, кішкене ғана шар.. шамалама бойынша- голограмма, инфрақызыл,ультракүлгін және радио жиіліктерінде жұмыс жасайтын.
Қайырлы кеш.-Анатолий басын изеді, бірнеше секундтарға шарға назарын тоқтатып-көзәйнектегі жасырын жазу құрылғылары, ғалымдардың ойлап тапқан ең жаңа және құпия жасалымы, көбірек ақпарат жазып алуы үшін.- Мен өте ерте келген жоқпын ба?
Біліп тұрса да, бекітілген мерзімнен тұп-тура үш минут бұрын келгенін. Тура осы үшін, оққағар-күзетшімен сөйлесуге...болжам бойынша дипломатиялық ойындарға тіс қаққан еместігі.
Бұл сөз оны әбден мезі қылды-«болжам бойынша»! Ешқандай анық ақпарат жоқ,ештеңе туралы! Ұшатын табақтардың биіктігінен басқа , Мәскеудің, Вашингтоннның және Бежіннің үстінде қалықтап тұрған. Оның өзінде...неліктен: он екі сантиметр жоғары,он сегіз төмен, содан кейін бұрынғы сатығы қайтадан оралады?
-Маңызды елші мырза үш минут ерте келді,-хабарлады граг. Қабыршақты жақтары дірілдеп,сөзерді бейне бір түкіргендей шығарып,ал аузында ұзын екі айыр тілі желпілдеп тұрды. Грагтың тасырайған көзі болса, Анатолийдің бүкіл жан-дүниесін көріп тұрғандай. -Елші мырза менімен әңгіме-дүкен құрып, уақыт қысқартуына болады. Елші мырзаның бір шыны аяқ шай ішуіне немесе газет оқуына болады.
-Грагтың жіп-жіңішке қолы Анатолийге «Аргументы и факты» ны ұсынды, әрине тоқсан пайыз Бөтендердің табиғаты мен мақсаттары туралы жорамалдарға толы.
-Рахмет, мен бұл шығарылымды оқып алғанмын,-сыпай түрде айтты Анатолий. -Сізге адамдардың газетін оқу қызықты ма?
-Әртүрлі ақпарат қызықты. Грагтың бет-әлпетінен таңданған пішін білінді.- Бұл деген дамудың мүмкіндігі ғой. Ал сізге біздің газеттерді оқу ұнай ма?
-Өкінішке орай, мен ондай мүмкіндіктен адамын,-деді Анатолий.
-Сіз әлі біздің тідімізді үйрене алмай жатырсыз ба?- Грагтың айыр тілдері тым желпілдеп кетті. Ғалымдардың болжамы бойынша бұл күлкі немесе қорқыту емес, аяушылықты білдіреді.
-Менің үйренуге әлі уақытым болмай жатыр,- Анатолий күлімсіреді, граг оның бет қимылын дұрыс түсінер деген үмітпен.-Менде сіздердің бірде-бір газеттеріңіз жоқ, оқып көргім келсе де.
Жер шарында грагтардың тілін түсінетін жеті адам бар деп есептелінетін. Байланыстан кейін, грагтар шұғыл түрде адамдарға өз тілдерінің толық сөздігін табыс етті — граг-ағылшын, граг-орыс,граг-қытай,-содан бері әлем тіл мамандарына көңілді өмір басталған еді. Әр мемлекет иниститут зертханаларында ақырын ғана еңбек етіп жатқан қабілетті деген ғалымдарын ,сахнада сауық көрсетіп жүрген ,он немесе жүздеген тіл білетін ғажап қабілеттері бар адамдарды жақсы жабдықталған әрі күзеті мықты жайларға қамауды өзінің парызы деп түсінді. Олар әлі күнге дейін сол жайларда еді, бөтендердің мінез-құлқын-тіл арқылы түсінуге тырысып және тәржімашыларды дайындап. Қызық, тіл мамандары көңілді қалдырмады.Анатолийдің білгені грагтардың тілі олардың бір ауыздан мақұлдауы бойынша бай,кең әрі қиын емес. Қытайшадан қиынырақ,бірақ орысшадан оңай, былайша айтқанда. Мүмкін Анатолий шынында да үйреніп кететін шығар...егер адамзат тірі қалатын болса.
-Бұл болмайды,-деді граг.-Менде тек қана ескі газеттер ғана. Сізге олар керек пе?
Тек қана дипломаттық тәжірибесі Анатолийді бет әлпетінен сыр білдірмеуге сақтап қалды.
-Керек шығар.
-Алыңыз.
Грагтың қолы мейрамханалардағы айналатын орындықтарғо өте ұқсайтын биік орындық астына сырғанап кірді. Жұп-жұқа әуен немесе шағын компьютер дискісіне ұқсайтын табақшаларды алып шықты.
-Бұлай жасайсыз...-деді граг, табақшадағы бір таңбаны басып.
Ауада тағы бір жылтырақ шар пайда болды.
-Бұл қабылдау жылдамдығы.
Тағы бір түймені...түймені?...иә, әрине түймені басқанда. Шар таза емес ақ түске боялды.
-Сіздің уақытыңыз болды,-деді кенеттен граг, таныстыруды кілт тоқтатып. Табақшаларды Анатолийге ұсынды .
Арандату ма? Жалған мәлімет пе?-Сіз маған бұл затты беруге...және алғаныма сіздің басшылық тарапынан маған және бүкіл адамзатқа реніш тумасына сенімдісіз бе?-деді Анатолий қолын созбастан бұрын.
Грагтың бас қабыршақтары жыбырлап кетті. Кейістіктің белгісі ,анығы-тура аударғанда"ашулану" маңдай қабыршақтарын жыбырлату" дегенді білдіреді. Бірақ, аударма әдейі бұрмалануы да мүмкін...
-Иә, сенімдімін. Сіз мені зұлымдық жасағалы тұр деп айыптап тұрсыз ба?
Бұл сайтан алғыр грагтар өте зерек, тез қағып алады. Және өздерінің шыншылдығын баса көрсетуді ұнатады...тым ұнатады!
-Жоқ әрине ,айыптап тұрған жоқпын,-деді Анатолий.-Мен жай ғана алған ақпаратқа менің тарапымнан аз да болса дұрыс түсінбестік болып қалмаса екен деп тырысып жатырмын.
Бұл сөзден кейін граг тез сабасына түсті. Мүмкін осынысымен де Анатолийге бұл жұмыста екі ай бойы тұрақтап қалуға шамасы келген-америкалық елшілер екі рет,қытайларда үш рет ауысқан. Дұрыс жолды түйсік арқылы табу-дипломат үшін ең бастысы.
-Бәрі дұрыс. Бәріне рұқсат берілген. Бұл ескі технология,біз енді бұны сіздерден жасырмаймыз. Алыңыз.- Граг дискіні ұсынуын доғармаған соң,Анатолий амалы жоқтығын түсініді. Бір күрсініп «газетті» алды.
Диск қатты әрі салқын, ұстағанда бұдыры бары сезіледі. Әншейін пластикалық тақтайша...
Қандай, сайтанның сапалағының технологиясы! Леонардо да Винчиге теледидарды беріңізші, не болар екен? Жарайды,қосып-өшіруді үйренсін делік. Жарайды,бұзып барлық бөлшектерін көріп шықсын, ары қарай?
Өте үлкен алшақтық жатыр, бұл бөтен өркениеттің жасанды жәдігері жерлік ғалымдарға бірдемелерімен көмектесуі үшін. Ал дискінің ішіндегі ақпарат-басқа мәселе. Газет! Бөтен ақпараттар бұлағы! Онда технологиялар тәппіштеп жазылмаса да...олардың мінез құлқын түсіну мүмкіншілігі туады. Әрине, егер де бұл"газеттегі" сөздер шын болса. Егер де олардың мазмұны арнайы дайындалған «жалған ақпаратқа» толы болмаса.-Рақмет!-деді Анатолий.
Кеудесіне симай тарсылдаған жүрегімен ол дәліз бойынша келе жатты. Граг-күзетші шарға қарауын жалғастырды. Мүмкін шұғыл байланысты іске қосу қажет шығар? Немесе кездесуден бас тартып, елшіліктен шығып кету керек пе?
Жоқ. Болмайды. Дұрысы өзіңді түк те болмағандай ұстау керек.
Және де бөгдепланеталық әріптесінің жасаған күтпеген сияпатын жасырмағаны дұрыс.
Грагтарда есіктің орынын ауыстыратын жарғақ Анатолийдің алдынан айқара ашылды, ол маңызды елшінің кеңсесіне кірген соң қайта қалпына келді .
-Сәлем ,құрметтім"- Елші жарты ай пішініндегі стөлінен тұрды.- Сізді сау көргеніме қуаныштымын, Анатолий!
Тұрды-бұл әншейін айтылған сөз. Бойын тіктеді. Ұзарды! Зорайды! Граг отырған кездің өзінде бойы бойшаң адаммен бірдей. Ал тұрған кезде-үш метрлік , қорқынышты құбыжыққа айналады.
Бірақ ол туралы бұлай ойлаудың керегі жоқ ...құбыжық емес, әріптес! Кім біледі, мүмкін грагтар ойды оқи алатын шығар?
-Сәлем, Дкар!-Анатолий бейне бір талайдан бері көрмеген досын кездестіргендей шын жүректен күлімсіреді.-Сіздің денсаулығыңыз қалай? Туыстар үшін қайғыңыз бәсеңдеді ме?
Осымен амандасу ғұрыпы орындалды да, екі жақтың биік мақсатта келісушілері орындық па,диван ба белгісіз жұмсақ бөстекпен қапталған жіңішке бірдеңеге отырды.
-Мен президенттің кезекті ұсынысын әкелдім, деді Анатолий. Өте жақсы ұсыныс!
-Мен өте әлсіз қызығушылығымды білдіремін, - байыппен жеткізді граг.
-Қараңызшы.-Анатолий портфелінен картаны алып шығып. Ауада ашып жатқанда астынан көрінбейтін-қолмен де ұсталмайтын -тірек пайда болғанда қанша жерден дайын болса да сасып қалды. -Біз сіздерге келесі аймақтарды ұсынамыз...
Граг сыпайы түрде назарын аударды.
-Кастрома, Ульянов ,Архангельск облыстарын- Анатолий айтылған Ресейдің аймақтарын картадан көрсете бастады.-Біз бұрын да ұсынғанбыз. Бірақ...
Ол дауысына сергектік пен сенімділік ұялатуға тырысты. Айуандар. Оңбағандар. Жоқ, ол олар туралы басқаша ойлай алмайды, ешкім де ойлай алмайды. Грагтар алғашқы ойларынан бас тартса да... адамдардың бәрін резарвацияларда ұстау туралы райларынан қайтса да.... Антарктидадағы, Гренландиядағы резарвациялардан... Бәрі бір. Айандар,айуандар, айуандар...
-Біз сіздерге Псков обласын және...назар аударыңыз! Бұл біздің тараптан өте үлкен ұсыныс, түсініңізші! Краснодар аймағы! Сіздер жылы аумақты жақсы көреді емессіз дер ме?
Бөтендердің елшісі үндемей, картаға қарап тұрды. Бейне бір Ресейдің майлы бөлшегін емес... тістелген алма ұсынып тұрғандай.
-Түсініңізші, бұл аймақтар біздің өзіміз үшін де өте маңызды. Ол жерде ондаған миллион адамдар тұрады, маңызды деген зауыттар орналасқан, ауылшаруашылық жайылымдар...
Граг таңдайын тақылдатты. Басын шайқады---адамдардың ишарасын салып тұрғаны анық.
-Жоқ.
-Біз сондай ақ Қырым мен Кавказды есептемегенде Украина өркениетін сіздердің толықтай жаулап алуларыңызға қарсылық көрсетпейміз,-соңғы құрбандыққа бара жатқан адамның кейпімен, айтты Анатолий.
-Жоқ.
Анатолий грагтың суық жанарына қадала қарады. Тіпті болмай бара жатса оның грагтарға талап етіліп отырған аймақтардың біразын ұсынуға өкілеттігі бар болатын. Тіпті Мәскеуді де. Краснояр аймағымен қоса.
Адамзатта басқыншылармен қарсыласуға қауқар жоқ. Тек қана саудаласатын шамасы бар... оның өзінде де "Граг нәсіліне тән мейірімділік пен бөтен ақыл иелеріне деген құрметтің арқасында"
-Біз өзіміздің алғашқы ұсынысымыздан --- адамзат өкілдерінің игі-жақсыларын жинап алып резарвацияларда ұстау туралы ойымыздан айныдық,деді Дкар. - Ақыл-ой бойынша кенже қалған бауырларымызға құрмет көрсетіп, біз келіссөздер бастадық. Біздің соңғы талабымыз әр елдің жарты аумағын бізге,яғни Граг планетасынан келген босқындарға беру болатын. Мүмкіншілік болғанда ең жылы ауа-райы бар аумақтарды.
Анатолий үндемеді. Не десін? Дәл солай. Біз дайынбыз. Шынын айтқанда біз баяғы да ақ дайын болатынбыз-планетаның жартысын беруге. Біз жай ғана саудаласуға талпынып жатырмыз...
- Біздің жұлдыздық жүйемізге қатер төндірген қара құрдымнан құтылатын кеңістікті тұрақсыздандырғышты ойлап тапқан біздің ғалымдардың арқасында-грагтың әрбір сөзі бейне бір табытқа шеге қағып жатқандай діңкілдеп естіледі,-осы келіссөздерді жүргізетін уақытқа ие болдық. Біздің нәсіліміз жас әрі қуатты- енді біз басқа жұлдыздық жүйелерге де таралу саясатын жүргіземіз. Бізге ақуызды тіршілік иелері өмір сүре алатын планеталар керек. Бұл планеталар Галактикада өте сирек кездеседі. Грагтан келген соңғы мәліметтер бойынша бізге бүкіл Жер шарының аумағынан кем емес аумақ қажет.
Бітті. Жететін жерімізге жеттік.
Міне күзетшінің "силығының" мәнісі. Адамдардың ескі газеттен бірдеңені түсіну-түсінбеуі оларға бәрібір, планетаның тағдыры шешіліп қойылған болса? Грагтар баяғыда жарнамалаған "хомовирусты" босатып жібереді, содан кейін үш тәулік ішінде Жер шарында бір де бір адам қалмайды. Мүмкін...қорқыныштан қалшылдаған презинденттер өздерінің бункерлерінде...
Оның кенеттен дипломаттың құқығы жоқ қимыл жасағысы келіп кетті. Адамжегіш Бокассаға,адамзатты жалмап қоюға дайын бөтендерге де. Ешуақытта. Ешкімге.
Қабыршақ басқан мойынға жармаса кеткісі келді. Мына құбыжықты қылқындыра жөнелсе... Арты не боларын біле тұра малғұнды өлтіруге тырысса. Өз-өзіне риза,бірбет ,паң Дкардың арғы аталары өте маңызды бірдеңе ойлап тапқан көрінеді. Біздің алдымыздағы планетаны қылғытқан шығар, бәлкім...
- Экспансия логикасы ырыққа көнбейді,- жалғастырды граг.- Бөтен ақыл-ой иелерін жойып жіберу бізге жеркеніш туғызады, бірақ біз амалымыздың жоқтығынан Жерге үзілді-кесілді талабымызды қоюға мәжбүр болдық. Бақытқа орай үш күн бұрын планеталық зауытымызды сәттілікпен сыннан өткіздік.
Бақытқа орай?
-Сізді түсінбедім деп қорқамын, маңызды елші мырза,-деп сыбырлады Анатолий. Ол өзінің барлық ұстамдылығын жоғалтып алған сияқты,жазуды тыңдап, көрген сарапшылар наразылықпен бас шайқаулары анық...
Біз адамзаттан Шолпан мен Есекқырған планеталарын беруді сұраймыз. Тіршілікке қолайлы орта жасау үшін өзгерістерге ұшырастыруға неғұрлым қолайлы планеталар.
-Ал Жер ше?-өз құлағына өзі сенбей сұрады Анатолий.
-Жер сіздерге қалады.-Дкар өзінің ұзын алақанын жайды.-Тұтас. Біз өз еркімізбен кешірім сұрау ниетінде сол бір қайғылы оқиға үшін АҚШ үкіметіне өз қалаулары бойынша Шолпаннан немесе Есекқырған планетасынан бұрынғы Калифорния аумағына парапар жер береміз.
Бұлай болуы мүмкін емес...
Анатолий айтылғандарға дәлел тапқысы келгендей грагтың көзіне тесіле қарады. Бірақ, граг басқаша түсінгенге ұқсайды.
-Галактика - қатігез, менің қымбаттым. Сіздердің жолдарыңыз болды, Жерге бірінші болып әрқашанда жаңа көктеп келе жатқан ақыл-ойға қамқорлықпен қарайтын біздің ұшып келгенімізге. Одан да үлкен жолдарыңыз болды, бізді бас-сауғалай көшуге итермелеген қара құрдымды жойып үлгергенімізге... енді планеталарды өз қалауымызша өзгерістерге ұшырата алуымызға. Біз қайырымды көршілер боламыз, досым менің. Егер де Жерге басқа да бір жас, қуатты,дамуға ұмтылған нәсілдер таласса,- біз сіздерді қорғау үшін өзіміздің салмақты сөзімізді айтамыз.
Анатолий жұтынып қойды.
-Менде сіздердің ұсыныстарыңызды жедел түрде қабылдай қоятын өкілеттік жоқ,-деді ол.- Бірақ... мен оны шұғыл түрде Ресей үкіметіне жеткіземін, сондықтан да біздің келіссөздеріміз дұрыс бағытта жеделдей түседі деп үміттенемін. Хаттама үшін емес,менің жеке өзімнен айтатын болсам...сіздердің ұсыныстарыңыз маған ұнайды.
Дкар тағы да күлкі нышанын білдірді.
-Мен қуаныштымын, досым менің . Менімен бірге жеңіл ас пен бір шыны шай ішуге қалай қарайсыз?
-Сізбен бірге қуана-қуана ішемін, Дкар.
Дкар терең орындалған салтанатты түрмен көрінбейтін тіректен Ресейдің картасын баппен алып, бүктеп Анатолийге ұсынды. Ол болса асығыс түрде ---жануарлардың терісінен жасалған өнім грагтарды бөтен ойға итермелемеуі үшін,арзан матадан жасалған ---портфеліне салып алды. Оған грагтан түрлі-түсті боялған картаны емес, тұтас мемілекетті қайтарып алып жатқан сияқты сезім пайда болды. Адамзатқа қайтып оралған бүткіл орасан-зор отанды.
Сайтан, ал америкалықтардың былайша айтқанда жолдары болды! Шолпаннан немесе Есекқырғаннан жер алады, бөтендердің дәл қасынан! Бизнес, технологиялармен ауысу! Сайтан! Мұндайда қонуға келе жатқан ғарыш кемелеріне Калифорниядан емес,Чукоткадан ракетамен атқыламағанына өкінеді екенсің!
Граг-қызметші---адамдарға әзірге бөтендердің әлеуметтік қарым қатынастарын түсінудің сәті түспеді, бірақ ол қызметшінің міндетін атқарады---шай мен тамақ әкелді. Ол бұл жолы дастарқанды Анатолийдің қуанышына орай,көрінетін қарапайым үстелге жайды. Граг үшін қуырылған ет пен шай, ал Анатолий үшін шығыс тәттілері мен шай әкелінді.Грагтардың заталмасу үрдісі адамдардікімен ұқсас болуы керек, бірақ адамдардың тағамын оның көзінше жегенін көрмепті. Тек қана шай ішкенін көрген.
- Біз сіздердің планеталарыңызға тап болғанда өте таңырқадық,-деді Дкар сол уақытта. Бір кесек етті аузына салып жіберіп. Қабырғаға қарады-сол сәтте қабырғадан терезе пайда болды; шыныланбаған,жылы мәскеу кешіне шалқасынан ашылған. Қызық, бұл қабатта бетон қабырғалар қалды ма екен, әлде граг техикасымен бәрі өзгеріске ұшырады ма?
-Таңырқадық?- Қазір екі айға созылған шиеленіс шешілген соң Анатолий баппен әңгімелесуге дайын болатын.
-Әрине. Ғарыштың бұл аймағы зерттелмеген болып табылмайды. Бұл жермен Тиуалардың жол тораптарының бірі өтеді... олар өте бір қызық қосмекенділер нәсілі, өкінішке орай олар жер жыл санауы бойынша жетпіс жыл бұрын бұл материалдық әлемді тастап кеткен.
-Өліп қалды ма?-нақтылады Анатолий.
Жоқ, жоқ!-наразылық білдіріп басын шайқады граг.-Жоқ! Өте дамыған нәсіл. Бос кеңістіктен жұлдыздар мен планеталарды жасай алатын. Биологиялық тіршілік иелерінің даму шегіне жеткен . Олар тіршіліктің басқа дәрежесіне өтіп кеткен, біз олардың жаңа болмысын түсінбей...әзірге түсінбей жатырмыз. Мүмкін олар өздеріне қолайлы жаңа Әлем жасап алған шығар,кім біледі? Бос қалған аймаққа басқа өркениет , солардың қатарында біз де бармыз қоныстана бастады... біз өте асықпайтын нәсілміз, біз үйде отырып тіршілік туралы ойға берілгенді жөн көреміз... бірақ бола жаздаған апат бізге жұлдызды экспансия қажеттігін көрсетіп берді. Біз бос қалған Тиуа планеталарын алғымыз келіп еді,енді оларға керегі жоқ қой, кешігіп қалыппыз.
Граг үндемей терезеге қарап қалды.
-Барлық Тиуа планеталары қоныстанып қойылған болып шықты...оттекті ауа қабаты бар жылы планеталар-өте сирек кездеседі... Содан кейін біз Жерді ұшырастырамыз! Біз ұзақ ойландық, неге Тиуа қарамағындағы планетада артта қалған ақыл-ой иелері тіршілік етеді, неге олар планетаны жаулап алмаған?
-Сіз айттыңыз ғой, досым менің,-барынша еппен сөйлесуге тырысып Анатолий,-бұл нәсіл бос кеңістіктен жұлдыздар мен планеталар жасай алатын деңгейде болды деп? Оларға кішкене ғана Жердің не қажеті бар?
-Иә, әрине. Бірақ бұрындары? Тиуа жаңа ғана дамып келе жатқан кезде олар біз сияқты тәжірибесіз әрі көп нерсеге қолдары жете қоймаған кездері ше? Оларға да планеталар керек болғаны анық! Бірақ олар Жерді жаулап алмады. Таң қаларлық! Сондықтан да біз адамзатты сақтап қалуды ұйғардық... Граг нәсілінің мүддесіне нұқсан келмейтін жағдайда. Резервациялар ұсындық, ал содан кейін тұтас планетаның қақ жартысын!
Анатолий ойша Жерге тиіспеген тылсым өркениетке рахмет айтты.
-Сіздер өте дана және мейірімдісіздер,-деді ол.
-Асыл сөздеріңіз үшін рахмет айтамын, досым менің,-қымсынғандай болды граг. Шайынан ұрттап қойып. Біраз үндемей қалды да;-Сіздерге енді қорқудың қажеті жоқ. Біз не үшін екенін түсіндік, енді сіздерге ешкім тиіспейді!
-Егер де Жерге сіздерден де жоғары дамыған , қуатты нәсіл ұшып келсе не болмақ?-деп сұрады Анатолий.
-Онда қауып мүмкін бізге төнеді,-деді граг.-Айтпақшы енді біз саясатымызды өзгерттік, бұрынғыдан да жылдам дамитын боламыз.Сіздер қалай болса да аман қаласыздар. Біз не болғанын түсіндіреміз, содан кейін сіздерді ешкім ренжіте қоймас.
Анатолий шайынан ұрттап қойды. Оны грагтардан алған рақымшылықты жедел түрде жеткізу парызы мен әуестігі екі жаққа тартып отыр еді.
Әуестігі жеңіп:
-Олар сіздерді тыңдайды ма?
-Тыңдағанда қандай.
Граг терезеге тақап келді. Қалықтап тұрған табақшаға қарап.
-Егер де сіздер қарсы болмасаңыздар,-деді ол, -біз сіздерге мына үш кемені сиға тартамыз. Мүмкін бұл сіздердің дамуларыңызға қамшы болар. Мен бұл ұсыныстан болар пайдаға сенбесем де,талпыныс жасап көрейІн деп тұрмын.
-Сіз шын айтып тұрсыз ба, маңызды мәселелерді шешетін елші мырза?
-Иә.-Бірақ менің түсінуім бойынша бұл кемелер Граг планетасының ғарыш қарулы күштерінің негізі ғой!
-Негізі болған.- Граг қолын сермей салды.-Керексіз, ескірген технология. Ескерткіш. Жоқ, біз біреуін өзімізге алып қалатын шығармыз. Ескерткіш ретінде. Адамдарда сондай бір естеліктер қалдырып отыратын тамаша салт бар.
Ол терең бір дем алды да ,алақанын жайды. Қазір оны ондаған арнаулы жасақтың мергендері нысанаға алып,ал адамзат данышпандығынан туған аса сезімтал микрофондар мен аса қуатты телекамералар терезеге жанталаса үңіліп тұрған шығар...
-Бұл қала...-деді граг. -Тұнып тұрған ескерткіш.
-Ол сегіз жүз жылдан артық уақыт тұр, -деп қалды Анатолий.- Бізде бұдан да ескі қалалар бар.
-Жер уақытымен санағанда сегіз жүз жыл, деп қайталады граг ойланып.- Таң қаларлық жағдай.Мұндайды бұрын естімеппін. Ол кезде мен дүниеге келмей тұрып өкінішке орай марқұм болып кеткен арғы атам, дөңгелек ойлап тапқан болатын. Мен әлі күнге дейін Грагтың дамуына себеп болған осы жағдай деп білемін. Сегіз жүз жыл! Сіздер осы уақыт аралығында ғарышқа әрең шығып үлгердіңіздер!
Граг планетасының аса маңызды шаруаларды шешетін елшісі қимылсыз қалған Анатолийға жақындап келді. Иығына үш саусақты алақанын қойды.
-Досым менің, сіздерді аса қамқорлықпен Тиуа қорғаған болатын, енді бұл ардақты міндетті біз аламыз. Ештеңеден қорықпаңыздар; сіздерді ешкім жәбірлемейді. Кімнің қолы көтеріледі дейсіз,-сіздер секілді...сіздер секілді...
Ол секундтың аздаған бөлігіне іркіліп қалды, жаны ашығанын тілін жалаңдатып байқатып, және лайықты сөз іздеп, әрине лайықты сөз табылды да;
-Сіздер секілді бейшараларға...

2Akhmetzhanov Zhanat және Жанар Мырзагалиева