Ең ұлы тұлға
блог
Сенің жанарың, мөлдіреген таңғы шықтан әдемі... мен әлі бұл дүниеден өзіңдей аруды кезіктірмедім! Шын айтам, кезіктіргім де, келмейді. Дауысың бұлбұлдың әнінен асып түседі, сен оны маған көбіне айтып беретінсің...мен тентектік жасасам ұрсып-ұрсып алып, бауырыңа қысатынсың, сонда сенің жылуың күннен қымбат болатын. Қаншама тәтті тағамдар жесем де, ақ уыз сүтіңнің дәмі ең дәмді ас болды.Мамық құс жастықтың жұмсақтығынан, неше жыл кетпен ұстап жер шапқан алақаның одан да өткен мамық еді...Қаншама жыр,дастан, әңгімелерді оқысам да, ойдан шығарылған " сен үлкен азамат" болғанда деген ертегің әдебиеттегі ең ұлы шедевр! Өз қолыңмен жүн иіпіп тоқып берген "байпағың" қазіргі "адидас","найк" тан асып түсетін бренд! Кейде бір балаң еркелеп жатса, бәрін құшақтап еркелетуші едің... Бізбенен бірге бала болып анда-санда ойнағанда Ана деген осындай болады ма деп ойланып қалушы ем... Бұл әлемнің ең ұлы тұлғасы "Нобел","Оскар" алған емес балалы болып солардың қамын жасаған "Ана"!
© Нұрлыхан Жұмахан