Елес болар күндерден есте қалар күнделік

《Көзді ашып, жұмғанша уақыт зымырап өте шығады,》- деген осы-ау!

 Міне, кеше ғана келген жайдары жаздың да қимастан шығарып салдық. Əрине, "жаз аяқталды" мен "сабақ басталды" деген сөздің айырмасы да жоқ секілді. 

 Күңіренген күз де жалған бетпердесімен күлімдеп келді. "1 қыркүйек - білім күні" - деп ұйқымнан ерте ояндым. Су жаңа белдемшем мен ақ жейдемді киіп алып, аяғыма жаңа туфлиді кидім. Бастауыш сыныпты еске түсіргім келгені ме, əйтеуір, құрбым Нұрайға шашымды қос бұрымдап өргіздім де, қос ақ бантикті тағып, Нұраймен бірге мектепке тарттым. 

Осылайша сабақ та басталып кетті. Былтыр оқуды үздік аяқтасам да,қанағаттанбастан, биыл сабағымды күшейтуге бел будым. Дегенмен, өзіме көп талап қойдым ба, əлден шаршап, жүйкем сыр бере бастады. Жарайды, оны қойшы! Бір керемет жаңалығым , "Мен саған ғашық болам" атты өлең жаздым. Бастапқыда "болғам" еді. Білмеймін, "ғ" əріпі із-түзсіз жоғалып кетті де, жоғарыдағыша аталып кетті. Оны аудионұсқа бойынша Вконтакте желісіне де жүктеп үлгердім. (Сіздер де тыңдап көріңіздер!) Көпшілік қауымның көңілінен шыққан секілді. Мəтінін келесі блогымда ұсынармын...



Бөлісу: