Айдынға ұласатын бұлақтар басынан тұнады.Билік пен шешендік халық арасында бұрыннан қалыптасып келген дәстүр еді.Тақыр жерге ешнәрсе шықпас болар.Бірақ қазақтың даңқты үш биі, үш ұстыны Төле, Қазыбек пен Әйтеке оны тек қана өнер деп қарамай, дала демократиясын дамытып, орнықтырып, барынша пайдаланған тұлғалар.
Қазақ мемлекетінің нығаюына,өркендеп дамуына би-шешендердің қосқан үлесі өте көп.Осыдан үш ғасыр бұрын өмір сүріп, ерлікті, елдікті ту етіп, ел бірлігін сақтауға ұмтылған халық қалаулыларының бірі - Әйтеке би.Ол кемеңгер көрегенділігімен, әділ билігімен бүкіл қазақтың қамын ойлаған тарихи тұлға.Оның даналығымен, кемеңгерлігімен көзге түсетіні Тәуке хандық құрған тұс.Әйтеке би өзінің ақылман әріптестерімен үзеңгілес жүріп, қырдың қатал заңын бір жүйеге келтіріп "Жеті жарғыға", "Сүйек құны", "Өнер құны" деген баптарды енгізеді.
Сол кездің өзінде "Азаттық.Теңдік.Туыстықты" ту етіп көтерген Әйтеке би бұл асыл мұраттарды жүзеге асыру үшін арпалысып, жанын жалау етіп,құрақ ұшты.