"Бегущий за ветром"(рецензия)
жеке
блог
блог
Сөзсіз, мен оқыған ең қызықты кітап!!! Бұл менің бірінші рецензиям және оқу кезіндегі сезімімді жеткізуге сөзім жетпей тұр. Мен Халед Хоссейни бұны қалай істегеніне таңым бар.
Мен кітаптің біз әріп деп атайтын әрбір белгіге, әріптерден құралатын сөзге және сөйлемге мұқият үңіліп, бір құпияны іздедім. Бірақ, ерекше ештеңе таппадым. Мені таңдандырған сиқырлы әдістерді табу үшін кейбір беттерді дауыстап та оқып көрдім. Тағы да, айрықша бірдеңе естімедім. Сонда, бұның қаптаған кітаптардың арасында қандай ерекшелігі бар?
Бұл туынды менің жан-дүниемнің астан кестеңін шығарды, дағдылы күн тәртібімді бұзуға мәжбүрледі. Ол мені тәжірбиелі психотерапия маманындай жанымды емдеп, мені катарсиске ұқсас күйге душар етті.
Ойланбастан оқыңыз! Міндетті түрде!