Аты жоқ əңгіме-5

Ертеңіне ауруханаға Дəулет келді. Аурухана ауласында Мақпал екеуі тағы да кездесті. Мақпалдың жалынышты көздері, жанарынан тамған жас... Ол Дəулетке жалына жылады.

 - Дəулет, мені ауылға қайтаршы, жалынамын. Шаршадым... Өмір сүргім келмейді. 

 - Мақпал, аз ғана шыдашы. Саған емделу керек қой, -деп Дəулет оны жұбатып құшақтады. - Мен сені құтқарамын, бəрінен де...

 -Құтқарғың келсе, мені жындыханаға апар.

Дəулет меңіреу адамдай бір орында қалшиып қалды. Мақпалдың мұндай күйге түскеніне күйінді.

Арада уақыттар өтті. Мақпал өмірден таба алмаған орнын жындыханадан тапты. Бірде жылайды, бірде бар дауысымен айғайлап күледі. Оның халі мүшкіл, өте аянышты еді. Тіпті шаштарын біртіндеп қия бастады.

 - Мұның маған қажеті қанша? - деп бірнеше тал шашты қырқып алады да, оны қолына ұстап күледі. - Масқара, масқара... - дейді. Ал бір кезде медбикелерге қарсы шығып:

 - Жіберіңдер мені, маған дəрі екпеңдер. Емделгім келмейді, - дейді. Ал Дəулет оның бұл түріне аянышпен, əрі өкіне қарайды. - Дəулет, қайдасың? Алып кет мені...

Дəулет алға ұмтылғанда:

 - Сізге онда баруға болмайды, - деді медбике.

Үйге оралғанда да Дəулет оның мүшкіл халін ұмыта алмады. Күйзелді, алаңдады, көз ілмей таң атырды. Жылағысы келді, бірақ өзін тоқтатты.

Тағы да уақыт өтті. Біршама қиындықтар артта қалды. 

Дəулет Мақпалды үйіне əкелді. Мақпал өз-өзіне келіп, есін жинаған. Бірақ əлі де көздерінде мұң бар.

 - Мақпал, үйге қош келдің! - деді Дəулет үйге кірген соң. - Бұл сенің бөлмең, - деп оны бір бөлмеге орналастырды.Мақпал заттарын жайғастырып, далаға қарады. Терең тыныс алып, "Бəрі жақсы болады!" -деп өзін сендірді. Осылай Мақпалдың жаңа өмірінің алғашқы беттері жазыла бастады.

Бір күні Дəулет жұмыстан келіп:

 - Сəлем! Мынау саған! - деп бір құшақ гүлді Мақпалға сыйға тартты. Сонда Мақпал оған алғаш рет күлімдеп қарап:

 - Рақмет! - деп бақытты екенін білдіріп, гүлін алды. 

Олар солай бақытты күндерді бастан өткерді. Бірге саябаққа барды, бірге ас əзірледі, бірге тамақтанды, аулада жүргенде Дəулет Мақпалға гитарамен серенада айтатын. 

 Күндердің бір күнінде Мақпал:

 - Дəулет, саған көп рақмет. Мені қиын сəтте қолдап, көмек көрсеттің.О бастан-ақ бұл қала маған бөтен екенін ұғындырған. Бұл қаладан мен ешқандай бақыт таба алмадым. Енді мен ауылға кетуім керек. Билетімді алып қойдым. Ол күні сен жұмыста боласың, сондықтан алдын ала ескерткенім ғой. Егер, жүрегіңді жаралаған кездерім болса, мені кешір...

Дəулет үндемеді. Тек мұңайды.

 

 



Бөлісу: