Анамның мақтаншақ досы
блог
Анамның мақтаншақ досы
Естен Ербол
университетті оқи алмай қалғаным себепті , анам әркез өз - өзін кінәләумен болатын , бірде анам ؛
-әйгүлдің ұлы еркін мемлекетіміздегі ең әйгілі университетке қабылданыпты , ал мен болсам сені оқыта алмадым , жолыңды тостым , - деп көз жасын сығымдап , ақ кірген самай шәштәрін жаулығының ішіне итеріп - итеріп қоятын .
дәл сол күннен бастап мен жеке сауда істеуге кірістім , әрі анамды бағып , анамның маған деген аяушылығымен өзіне деген ренішін жоғалтуға тырысқан едім . жеті жылдан кейін анам ؛
-әйгүлдің ұлы еркін үлкен бір серіктікке кіріпті , қазыр сол серіктікте істеп жатыр екен , мағашы да жоғары дейді , еркін балама жақсы болыпты .
-ана , ол қандай серіктік екен ?
-әйгүл бізге құрлыс серіктігінің жобалау саласында дегендей болды .
-е , онда жақсы жұмыс екен - ғой , - дедім анама .
еркіннің бір аптаның алдында ғана менің серіктігіме қабылданғанын анам ешқашан да білмейтін еді , менің де анама айтуымның еш қажеты жоқ деп есептеймін .
үйткені анам табысқа жеткенімде , менің серіктіктің қожәйыны болғанымда да ешкімге мақтанып , даңдайсып , тәкәппәрләніп көрген еместі , қайта басқалардың жоғын жоқтайтын , сондықтан да мен анамның осы қасиеттерын өз бойыма сңырып , анамның мейірін , шапағатын , анамның күлкісін өмірімнің бойтұмары деп білетінмін .
анама қарап күліп қойдым да , баяғы бала мінезіммен анамның мойнына асыла кеттім , бұл өмірде ана құшағынан басқа ешқандай бақыт жоқ шығар - ау тегі !