Анамның мақтаншақ досы

Анамның мақтаншақ досы 

Естен Ербол

Университетті оқи алмай қалғаным себепті, анам әркез өз-өзін кінәлаумен болатын, бірде анам:
- Айгүлдің ұлы еркін мемлекетіміздегі ең мықты деген Университетке қабылданыпты, ал мен болсам сені оқыта алмай жолыңды тостым,-деп көз жасын сығымдап, ақ кірген самай шаштарын жаулығының ішіне итеріп-итеріп қоятын.

Дәл сол күннен бастап мен шағын бизнес жасауға кірістім, әрі анамды бағып, анамның маған деген аяушылығымен өзіне деген ренішін жоғалтуға тырыстым . жеті жылдан кейін анам ; .
-Айгүлдің ұлы еркін үлкен бір компанияға кіріпті, қазір сол компанияда жұмыс жасап жатыр екен, жалақысы да жоғары дейді, еркін балама жақсы болыпты .

-Ана, ол қандай компания екен ?

-Айгүл бізге құрлыс компаниясының инженерлік саласында дегендей болды .
-Онда жақсы жұмыс екен-ғой,-дедім анама .

Еркіннің бір аптаның алдында ғана менің компанияма қабылданғанын анам ешқашан да білмейтін , менің де анама айтуымның еш қажеты жоқ деп есептейтінмін .

Үйткені анам табысқа жеткенімде, менің компания қожайыны болғанымда да ешкімге мақтанып, даңдайсып, такаппарланып көрген еместі, қайта басқалардың жоғын жоқтап күйініп отыратын, сондықтан да мен анамның осы асыл қасиеттерын өз бойыма сңіріп, анамның мейірін, шапағатын өмірімнің бойтұмары деп білетінмін .

Анама қарап күліп қойдым да, баяғы бала мінезіммен анамның мойнына асыла кеттім, бұл өмірде ана құшағынан артық ешқандай да бақыт жоқ шығар-ау тегі!



Бөлісу: