Әдебиет Әлемі!!!
блог
Әдеби әңгіме Досым екеуміз әне қарашы, міне қарашы, Қараш-Қараш деп біршама жол жүріп тастаппыз. Бұрын бұл жолмен жүріп көрмегесін досымнан бұл қай жол деп сұрағанымда, ол еш ойланбастан Абай Жолы деп мақтай жөнелді. Иә есімде Абай жолын бар қазақ ауызынан тастамаушы еді, айтса айтқандай ерекше екен деп менде азда болса хабарымның барын білдіріп қойдым. Бүгін қайда барамыз деп едім. Қыз Жібектікіне барайық, бүгін қаладан Айман-Шолпан келіпті кешкісін Ақ сүйек ойынын ойнаймыз деді. Ауыл жастары күндегі әдетіміз түн батса Ақ сүйек ойнайтын едік. Бүгінде сол ғұрпымыз бойынша ойнайтын шығармыз деп екеу-ара әңгімелесіп келе жатырғанымыз сол еді, әрлі-берлі жүк тасып, ат жетектеп, түйеге жүк артып келе жатырған бір топ адамға қарсы ұшырастық. Әуелгіде сауда керуені болар деп іштей ойлап ем, қателесіппін. Жақындай бере өзіміздің Қазекең екен. Қазекең деппін ғой Көшпенділер дегенім. Өткен жолы Орта Жүзге қарай көшкен, енді міне Ұлы Жүзден Хан ордасын тікті дегенді естіп, сол маңайға игі жақсылармен бірге болуды жөн санап солай қарай түтін түтетуге көшіп бара жатса керекті. Көп ұзамай бізде Жібектің ауылына келдік. Ғашықтардың бәрі осында екен. Қозы Көрпеш-Баян Сұлу, Еңлік-Кебек, Қалқаман-Мамыр, Жүсіп-Злиха, Ләйлі-Мәжнүн жігіт біткен есі кететін Қамар Сұлу, Танакөз, Сұлушаш, Әсия, Ботагөз ағайынды Аманай мен Заманай да бәрі бәрі жиналған екен. Тек Жібек қана жан-жаққа елеңдеп әлде-біреуді іздейтіндей. Жібектің бұл қылығын байқадыма жанына бір жігіт келіп айналшықтап шығар емес. Жөн сұрассақ Бекежан екен. Бекежанды батыр деп естуші-ек оның бұл қылығын түсіне алмадық. Жә бұны қойшы, айналаға көз салып қарайлағаным сол еді, еңгезердей бір жігітті алыстан байқадым. Бұ кім болды екен. Өзі жігіттің төресі секілді. Көпшілігіміз танымадық. Жанағы жан-жағына жалтақтап жүрген Жібегіміз бұл адамды көріп тұра жүгіргені. Бұл сәтте Бекежанныңда түрі бұзылып сала берді. Жайықтың аруына ғашық болған Төлеген осы болса керек! Бәріміз Мөлдір Махаббат деп қарап қалыппыз. Қасымдағы досым Махаббат Қызық Мол Жылдар деп таңданысын жасыра алмай, есі кетіп, қызығада, қызғана қарап қалыпты. Тең-теңімен деуші ед бәріміздіңде төрт көзіміз түгелденіп әннен шашу шашып, алтыбақан ойнап біраз ойын-сауық құрып көңілімізді бір көтеріп алдық. Қожа Насырдың қағытпаларын, Алдар Көсенің әзіл әңгімесін, Тазша баланың Қырық өтірігін тыңдап отырғанда уақыттың қалай өткенінде байқамай қалыппыз. Жаңылтпаш айтып тіл сындырып, қыз-жігіт боп Абайдың Жұмбағын жасыратынбыз. Қараңғы күні самал жел соғып далада Жусан Иісі аңқып тұрушы еді. Осылайша бір күніміз бір күнге ұқсамай өтетін. Кеш болып, күн ұясына батқанда жан-жақтан іздеп шақырған дауыстар естілгенде бәріміз қоштасып үйге қайтушы едік. Әрбір кеш Әзімнің Әңгімесі секілді аяқталмай бітуші еді! Айтпақшы өзімді таныстырмаппын ғой Менің атым Қожа... |
||