Адал жапырақ

   Терезеден даланың қоңыр күзі келгенін анық байқауға болады. Екеуінің көзі жапырақтарынан ажырап, қурай бастаған жас талда. Үйіріле соққан салқын жел талды әлсін- әлсін қозғап өтеді. Сөйтеді де 1-2 жапырағын жұлып жерге түсіреді. Сәт сайын жапырақтар жерге түсіп тал шыбықтары жалаңаштана бастады. Терезеге жақын орналасқан диванның үстінде жатқан Аруна мен Айбар бұл көріністерді үнсіз тамашалап жатыр. Аруна терезенің арасынан гулеген салқын ауаға тоңып қалғандай Айбардың құшағына оранып отыр. Бір кезде Айбар эфизодтан жалығайын деді ме, әйтеуір тіршілік жайлы тіл қатты: 
- Аруна, кеш батып қалды, шам жақшы. 
- Қойшыыы,- деді Аруна еркелей сөйлеп. Айбардың қолын одан сайын қапсыра қысты.
Айбар сәл күліп, еркелігіне риза боп, құшағына одан сайып қаса түсті. 
- Сонда қашан тұрып шам жағасың. 
- Эммм, мынау талдың соңғы жапырағы үзілген кезде. 
- Өш, соған дейін күтіііп отыра береміз бе? 
- Иә, аз қалды ғой. Қаншама жапырағы жерге түсті. Күздің ызғарын көрдің ғой. Қазір- ақ үзіледі. Сосын барып шам жағамын. Мһм?- деп Аруна күлімдеген көздерімен Айбарға қарады. 
- Келістік. - Бұл кезде Айбардың ойында ештеңе болмаған еді. 

Арада біраз уақыт өткенде Аруна Айбарға сұрақ қойды:
- Неге талдар жабырағынан ажырайды екен? 
- Табиғаттың құбылысы да. 
- Жапырақтардың не кінәсі бар. 
- Кінәнің бәрі соларда. Біреуі анааау биік шыбықтың ұшында тұр. Өй, жапырақ сымақ, бәрінен биікпін дей ме екен. Қазір жерге түсетіні бірінші сол. Мен оны "тәкаппар жапырақ" деймін. Ал ана біреуі талдың ең төменгі діңгегіне жақын орналасыпты. Пысығын қара өзінің, күн түссе күннен көлегейлейді, жел тұрса пана болады дегендегісі ғой. Ыққы, екінші құлайтыны сол болады. 
- Мұны "пысық жапырақ" дейміз бе?- Аруна Айбарға бар ынта- шынтасымен қарады. 
- Аха, пысық жапырақ. Пысық болғанда да нағыз пысықтың өзі. Қасындағылардың бәрі құлап төменде бір өзі қалыпты. Ө несі- ей, айналып келгенде бәрінің құлайтыны қара жер ғой. 
Бұл кезде Талда небәрі 10 шақты жапырақ қалған еді. Оны санап отырған Аруна. Айбардың болмашы бір нәрсеге ашуланып отырғанын қызықтайды. Тіпті, тыңдай бергісі келеді. Шіркіііін, жерге түсіп жатқан жапырақтар таусылмаса екен дейді. Иә, таусылса бұл тәтті шақ бітеді, жылы құшақтан ажырап күнделікті күйбең тіршілік басталады. 
- Тәкаппар жапырақ жерге құлады,- деді Аруна. 
- Ә құлады ма? Білгем. Биікке аспандағанның зияны осы. Осы күнге дейін биік болғансың. Енді бәріне ажал жеткенде соңғы жапырақ болып жерге түсетін сен емес. 
- Ал соңғы болып жерге түсетіні қайсысы? 
- Оны әзірге айта алмаймын. Бірақ ол адал жапырақ болмақ. Ақкөңіл, Һәм мейірімді. Оның жерге соңғы болып құлауы шыбығына зор беки алғандығы. Демек, қалай адал өмір сүру керектігін біледі. 
- Онда оны "адал жапырақ" деп атасақ болады ғой. 
- Аха ол- адал жапырақ. 
Аруна жерге түскен әр жапыраққа зер салып қарап отыр. Ешқайсысы бір- біріне ұқсамайды. Біреуі бірден үзіліп түссе, енді бірі маужырап, тарам- тарам боп енді бірі амалсыз сынып түседі.
- Әнекей, "пысық жапырақ" жерге түсті, - деді Аруна. 
- Ехууууу. Айбар айқайлап жіберді. -Пысық болғаныңмен не пайда, соңғы боп жерге түсу бақыты жазылмады тағдырыңа. Діңгекті көлеңке, пана еткен шығарсың, бірақ ажалың жетсе қанша жуан діңгегіңнің өзі сені құтқара алмайды... 
- Неге олай қуанасың сонша. Аясаңшы оны. Пысық болғаны үшін кінәлі ме? - Аруна "пысық жапырақты" аяған кейіп танытқандай Айбарға қарады. 
- Енді дұрыс ғой. Обалы жоқ. Басқалармен тең болмай ма? 
- Тағдыыыыыр. Арунаның дауысы тағы да аянышты әрі созылыңқырап шықты. - Олар қай жерден бүршік жарып шығарын өзі таңдаған жоқ ғой. 
Айбар ризалықпен жымиып Арунаның маңдайын иіскеді. 
- Ақылыңнан айналдым. Тағдыыр. Дұрыс айтасың. Бірақ "пысықтарды" аса жақтырмаймын. Мысалы, ана біреу салқын желмен арпалысып үзіле алмай тұрғанда ол қиналмай- ақ еш кедергісіз үзіле салды.
- 5 жапырақ қалды,- деді осы кезде Аруна өкінішті үнмен. 
- Ә-ә-ә, "адал жапырақты" анықтау да алыс емес. 
Аруна Айбарға қарап күлімдей еркеледі. 
- Сен жалыққан жоқсың ба? 
- Әрине жоқ, сен ше? 
- Адал жапырақ мықты болса екен, үзілмесе екен. Арунаның бұл сөзінен бақытты шағының ұзақ болғанын қалайтынын аңғару қиын емес еді. 
- Әнекей, "Адал жапырақ" көрінді деді, - Айбар осы кезде. -Аруна жалт қарағанда кішкентайлау келген жапырақтың оңды- солды, жоғары- төмен тербеліп тұрғанын байқады. Олар "адал жапырақтың" үзілуін ұзақ күтті. Осы уақыт аралығында Айбар мен Аруна үйленген шағына дейінгі, үйленгеннен кейінгі де біраз естеліктерді ақтарды. Түн ортасынан ауса да "адал жапырақ" үзілген жоқ. Бір уақытта телефон шыр ете қалды. Айбар айна алдына қолын созды да телефон тұтқасын көтерді. Аруна қатты шошыды. Түннің бір уағында кез- келген танысының жәй телефон соқпайтынын біліп құлағын тосып отырды. Айбар біресе таңырқап, біресе күрсініп сөйлесіп жатты. Бір кезде жақсы десіп, қоштасты- ау. Сөйтсе телефон соққан Айбардың қаладағы досы екен. Жолда боран соғып көлігі тұралап қалыпты. Иә, осы кезде терезеден желдің гуілу де қатты естіліп тұрды. 
- "Адал жапырақ" үзілді ме?- деді Айбар. 
-Жо-о-қ. 
- Жарайды, шынымен адал десе адал екен. Аруна, мен досыма кеттім. Оны өз көлігіммен үйге алып келейін. Үсіп өлер мына ызғарлы боранда.
Аруна ештең дей алмады, құшағынан үнсіз босап орынынан тұрды. 

..........

"Абай бол, көлікті қатты айдама, тезірек қайт!" Осы сөзді Аруна Айбарға бірнеше мәрте қайталап айтты. Құдайдан амандығын тілеп Айбарды жолға шығарып салып терезеден бір қарағанда "адал жапырақтың" әлі үзілмегенін байқады. Бұл кезде дала алай- дүлей дауыл соғып тұрған- ды. Бір уақытта көрші үйдің шатырындағы шифр ұшып кеп терезе алдындағы талға соғып құлатып кетті. Ол кезде "адал жапырақ" талынан әлі де ажырамаған еді.



Бөлісу: