М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы «Еңісте» бөлімінде Абайдың Батыс-Еуропа іліміне көңіл бөліп, бет бұра бастағаны сөз болады. Көз жанарында от ойнаған жас Абайдың Семей кітапханасындағы өмірі, алғашқы ағартушылық жолға түсуі баяндалды. Жазушыға оқу-білімге жол көрсеткен – Михайловпен пікірлесуі алдағы уақытта ақынның жаңа белестерге жетуіне үлкен септігін тигізген болатын. Сол кездегі дара тұлғаның оқу-білімге шақыру идеологиясына қосқан үлесі кейіннен оның туындыларында, ізденістерінде көрініс тапқан. Демек, Абайдың түсінігіндегі ағартушылық бағыт сол замандағы қараңғы қазақ даласында бұлттан шыққан күн сияқты әсер етті.
Біріншіден, орыс ақын-жазушыларымен танысу кезінде өзінін ақындық жолға түсу әрекетін Пушкиннің «Евгений Онегин» поэмасын аударып, қазақ қыздарының мұңы болып есептелген «Татьянаның хаты» өлеңін жазумен бастады. Өз ауылынан, жақындарынан жыраққа кетіп, түрлі кітапханаларда уақыт өткізіп, орыс әдебиетімен әрі қарай танысуды жөң көрген. Салтыков-Щедрин, Толстой сынды ғұламалардың шығармаларымен таныс болған. Кейіннен орыс зиялысы Михайловпен жүздесіп, Гоголь, Лермонтов атты орыс жазушылары туралы хабардар болады. Ұлы ақынның ұстанымы бойынша, орыс шығармалары тек қана өнерпаздықтың, көркемдік шеберліктің үлгісі ғана емес,айналадағы қоғамдық өмірді терең танытудың таптырмас құралы деп санаған. Сол себепті де, қазақ әдебиетін орыс әдебиетімен байланыстыру ақынның өлеңдеріне арқау болды деп айта аламыз.
Екіншіден, өнер-білімді насихаттап қана қоймай, ел билеу ісінде, халықтың тұрмысын жақсарту барысында білімнің аса қажет екенің түсінді. Орыс жазушысы Салтыков-Щедриннің чиновниктерді сынаған шығармаларымен таныса отырып, елді қанаған озбыр билеушілердің шынайы образын өз өлеңдерінде көрсетуді мақсат етті. Көңіл көзі ашыла бастаған ақынның өмірдің келеңсіз құбылыстарына жиреңе қарап бай-билерді сыңап мінейтін дәрежеге көтерілді. Үстем тап деген билігіне деген наразылығың іспен де, шығармашылығымен де дәлелдеп отырды. Сондықтан да орыс сатириктерінің шығармаларын аударып, оқып жүріп, ащы тілімен әжуалап өз өлеңдерінде сынаса, кейіннен философиялық тұрғыда қара сөздеріне дейін шыңайы сипаттай алды. Оған дәлел ақынның «Болыс болдым мінеки» «Мәз болады болысың» өлендері және 1,3,8-ші қарасөздерінде билікке таласқан бай-сұлтандардың ұрлық пен қарлықты алдыға қойып, сол жолда ештеңеден тайынбайтының шыңайы әшкерелейді. Сондықтан да, билікке келетін тұлғаның мансапқорлығы емес, керісінше, әділетті, таза, қайырымды, білімді сияқты қасиеттері болған жағдайда ғана елдің өркендейтінің сол заманда Абай жақсы түсінді.
Қорытындылай келе, ұлы ақынның ағартушылық жолындағы ерен еңбектері бүгінгі таңда да кұнды. Жоғарыда көрсетілген ақпараттарға сүйене отырып, әр заманда адамның келеңсіз мінездері мен коғамдағы алатын орны түрлі шығармаларда өзекті етіп көтерілген. Абайдың мұрасы қазіргі қоғамға және еліміздің тұрғындарына баға жетпес даналықтың көзі.Абай бастаған ағартушылық ілімді өркениетті мемлекетте өмір сүретін біз,жас-ұрпақ, жоғары деңгейде дамытуымыз керек деп есептеймін.