Мамандықты дұрыс таңдау қаншалықты маңызды?

Жүрсің міне біреу таңдаған мамандықпен,
Уақытыңды босқа құртып дайындалып.
Ұнамаса жасырмай айтшы қалқам,
Сөйлесіп сырласып бір анаңменен.❤️
Автор:Тлеубергенова Айнұр

Мамандық әрбір адамзат үшін өмірлік таңдау.Қазіргі кезде көп түлектер яғни жастар,мектеп бітірушілер мамандықты дұрыс таңдап білмейді. Өйткені ата-аналардың кейбірі өз балаларының таңдаған мамандығына қарсы. Өздері оқи алмаған мамандықты таңдатады.Бұл дұрыс емес әр баланың өз таңдауына рұқсат беру керек.Егер ол мамандықты ұнатпаса ,оқығысы келмесе мәжбүрлеп таңдатқан тым қате. Сіз қарсы болған мамандықтан мықты маман болып шығуы әбден мүмкін.Әрине әр ата-ана өз балаларының жетістікке жетіп, жақсы жұмыста істегенін қалайды кім қаламасын. Мысалы айта кетсем сіздер үй,көлік немесе алтын білезік алатын кезде өздеріңіз таңдап әдемісін ең мықтысын аласыздарғой.Сол сияқты мамандықтың да ең жақсысын қателеспей таңдау қажет. Сіздерге айтар соңғы өтінішім балаларыңыздың болашағын ойласаңыздар мамандығына шектеу қоймаңыздар.



Бөлісу: